https://sputnik.kz/20250710/toqaev-shveytsariyalyq-mamandardyn-qazaqstannyn-ulttyq-bankine-komegin-zhogary-bagalady-55530293.html
Тоқаев швейцариялық мамандардың Қазақстанның Ұлттық банкіне көмегін жоғары бағалады
Тоқаев швейцариялық мамандардың Қазақстанның Ұлттық банкіне көмегін жоғары бағалады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мен Швейцария Ұлттық банкі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері де талқыланды 10.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-10T12:08+0500
2025-07-10T12:08+0500
2025-07-10T12:46+0500
ұлттық банк
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0a/55530133_0:48:1280:768_1920x0_80_0_0_f0e09469f323d29a5a75cbe92013231b.jpg
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Кездесу барысында Қазақстан мен Швейцария Ұлттық банкі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев швейцариялық мамандар Қазақстанның Ұлттық банкіне тәуекелдерді басқару және төлем жүйелері секілді бағыттар бойынша техникалық көмек көрсететінін атап өтіп, олардың қызметіне жоғары баға берді.Өз кезегінде Мартин Шлегель Қазақстан мен Швейцария ұлттық банктері арасында ақша-кредит саясаты және цифрлық қаржы салаларындағы диалогты жолға қойып, өзара ықпалдастық аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.Сонымен қатар әңгімелесу барысында валюта нарығын нығайту, ұлттық валюталарға сенімді күшейту шаралары және цифрлық активтерді дамыту мәселелері қарастырылды.
https://sputnik.kz/20250710/aqsh-qazaqstan-importyna-bazh-salygyn-saldy-toqaev-trampqa-zhauap-zholdady-55529257.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0a/55530133_97:0:1185:816_1920x0_80_0_0_020ba9d3d547e42588392fc71aec6f70.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, президент
Тоқаев швейцариялық мамандардың Қазақстанның Ұлттық банкіне көмегін жоғары бағалады
12:08 10.07.2025 (жаңартылды: 12:46 10.07.2025) Қазақстан мен Швейцария Ұлттық банкі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері де талқыланды
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады, деп хабарлады
Ақорда.
Кездесу барысында Қазақстан мен Швейцария Ұлттық банкі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев швейцариялық мамандар Қазақстанның Ұлттық банкіне тәуекелдерді басқару және төлем жүйелері секілді бағыттар бойынша техникалық көмек көрсететінін атап өтіп, олардың қызметіне жоғары баға берді.
Өз кезегінде Мартин Шлегель Қазақстан мен Швейцария ұлттық банктері арасында ақша-кредит саясаты және цифрлық қаржы салаларындағы диалогты жолға қойып, өзара ықпалдастық аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.
Сонымен қатар әңгімелесу барысында валюта нарығын нығайту, ұлттық валюталарға сенімді күшейту шаралары және цифрлық активтерді дамыту мәселелері қарастырылды.