ҚТЖ жазда 4,2 млн астам жолаушыны тасымалдауға дайын

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Жолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2025
Жазылу
Алакөлге жалпы 280 мыңға жуық жолаушыны тасымалдау жоспарланып отыр
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. ҚТЖ жазғы маусымда өзінің барлық бағдары бойынша 4,2 миллионнан астам жолаушыны тасымалдауға дайын, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Компания мәліметінше, жаз маусымы басталғалы бері Бурабай курорты станциясына дейін 47,8 мыңнан, Алакөлге дейін 32,5 мыңнан астам адам тасымалданған. Осы екі бағыт бойынша барлығы 80,4 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетілген.

"Алакөлге жалпы 280 мыңға жуық жолаушыны тасымалдау жоспарланып отыр. Бұл өткен жылға қарағанда 16 мың адамға көп. Бұл бағыттағы вагондар100% толып кетіп отыр. Жазда "Жолаушылар тасымалы" АҚ 112 бағдар бойынша 4,2 миллионға дейін жолаушыны тасымалмен қамтамасыз етеді. Сол үшін Алакөл, Балқаш, Бурабай курорты сияқты негізгі курорттық бағыттарды қамтитын қосымша пойыздар саны арттырылды", - деп жазылған хабарламада.

Қозғалыс кестесіне 11 пойыз бен тіркеме вагондар қосылды, олардың қатынау мерзімділігі әр түрлі, яғни күн сайын жүретіні де бар, аптасына бірнеше рет қатынайтыны да бар.
Жолаушыларға қолайлы болуы үшін Жалаңаш көл және Көктума вокзалдарында персоналдың жұмыс кестесі өзгермелі етіп енгізілді. Ақши станциясының вокзалы тәулік бойы жұмыс істейтін режимге ауыстырылды, дейді компаниядағылар.
112 бағыт бойынша жүретін барлық пойыз бейнекамералармен жабдықталады - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Барлық пойыз бейнекамерамен жабдықталады - ҚТЖ
Жаңалықтар
0