Білім

210 мың талапкер ҰБТ тапсырды

© Sputnik / Владислав ВодневЦентр национального тестирования готовится принять выпускников
Центр национального тестирования готовится принять выпускников - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2025
Жазылу
Оның ішінде 76,5%-ға жуығы қазақ тілінде, 23,5%-ы орыс тілінде, 149 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. 210 мыңнан астам талапкер 2025 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.
Оның ішінде 76,5%-ға жуығы қазақ тілінде, 23,5%-ы орыс тілінде, 149 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
Талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылды. Осылайша 210 мың талапкер ҰБТ-ны 381 мың рет тапсырды.
Тестілеу қорытындысы бойынша 161 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 76%-ын құрайды. Бес пән бойынша ҰБТ-ның орташа балы 69 балды құрады. Ең жоғары 140 балды ҰБТ-ны өткізудің бірінші аптасында Түркістан облысының түлегі Әбілхан Жәнібек жинады. 598 адам 130 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 681 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
Биыл апелляцияға 92 мыңнан астам өтініш қабылданып, олардың ішінде 104 бірегей тест тапсырмасына қатысты өтініштер қанағаттандырылды.
ҰБТ өткізу кезеңінде 711 ереже бұзушылық тіркелді. Тыйым салынған құрылғыларды – смартфондар, смарт-сағаттар, микроқұлаққаптар мен шпаргалкалар алып өтуге тырысу жағдайлары жиі болды. Осы себептерге байланысты 326 талапкер тестілеуден өте алмады. Тестілеу барысында аудиториялардан 380 қатысушы шығарылып, олардың нәтижелері де жойылды. Бейнежазбаларды қарау нәтижесінде қосымша тағы 5 адамның нәтижесі жойылды.
Бейнежазбаларға талдау жүргізу осы жылдың 31 қазанына дейін жалғасады.
Абитуриенты Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2025
Білім
Ертең білім грантына құжат қабылдау басталады
Жаңалықтар
0