https://sputnik.kz/20250711/maskeu-metrosynda-2026-zhyly-zhurgizushisiz-poyyzdar-iske-qosylady-55575612.html
Мәскеу метросында 2026 жылы жүргізушісіз пойыздар іске қосылады
Мәскеу метросында 2026 жылы жүргізушісіз пойыздар іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Алғашқы жүргізушісіз метро пойыздары келесі жылдың соңында жүреді 11.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-11T16:51+0500
2025-07-11T16:51+0500
2025-07-11T16:51+0500
ресей
мәскеу
https://sputnik.kz/img/07e7/03/02/32623290_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_17dea1e956bb6f0ede4ae18902ab1290.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Мәскеу метросында 2026 жылдың соңында алғашқы жүргізушісіз пойыздар жүре бастайды, деп мәлімдеді қала мэрі Сергей Собянин РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында."Алғашқы жүргізушісіз метро пойыздары келесі жылдың соңында жүреді. Ресей темір жолындағы әріптестеріміз Мәскеудің орталық шеңбері мен орталық диаметрлеріндегі машинистсіз пойыздар бойынша белсенді жұмыс жасап жатыр", - деді Собянин.Әкім Мәскеу метросында пойыздар арасындағы ең қысқа аралық 90 секунд болғаны жобаны күрделендіріп тұрғанын айтты."Сол үшін бұл мүлде басқа талапты қажет етеді. Бұл әрине, қосымша қиындықтарды тудырады, бірақ біз оларды еңсереміз деп сенемін", - дейді әкім.Собянин сондай-ақ Мәскеуде ұшқышсыз ұшу аппараттары жүйесінің федералды орталығы құрылғанын, ол бүкіл ел үшін ұшқышсыз ұшақтар мен автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеу әдістемесін қамтамасыз ететінін айтты.
https://sputnik.kz/20250711/maskeude-eski-uyler-kezen-kezenimen-zhanartylmaq-55575188.html
ресей
мәскеу
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/02/32623290_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_8391755d481d23af5b635c6e67fd9d85.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, мәскеу
Мәскеу метросында 2026 жылы жүргізушісіз пойыздар іске қосылады
Алғашқы жүргізушісіз метро пойыздары келесі жылдың соңында жүреді
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Мәскеу метросында 2026 жылдың соңында алғашқы жүргізушісіз пойыздар жүре бастайды, деп
мәлімдеді қала мэрі Сергей Собянин РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
"Алғашқы жүргізушісіз метро пойыздары келесі жылдың соңында жүреді. Ресей темір жолындағы әріптестеріміз Мәскеудің орталық шеңбері мен орталық диаметрлеріндегі машинистсіз пойыздар бойынша белсенді жұмыс жасап жатыр", - деді Собянин.
Әкім Мәскеу метросында пойыздар арасындағы ең қысқа аралық 90 секунд болғаны жобаны күрделендіріп тұрғанын айтты.
"Сол үшін бұл мүлде басқа талапты қажет етеді. Бұл әрине, қосымша қиындықтарды тудырады, бірақ біз оларды еңсереміз деп сенемін", - дейді әкім.
Собянин сондай-ақ Мәскеуде ұшқышсыз ұшу аппараттары жүйесінің федералды орталығы құрылғанын, ол бүкіл ел үшін ұшқышсыз ұшақтар мен автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеу әдістемесін қамтамасыз ететінін айтты.