https://sputnik.kz/20250711/maskeude-eski-uyler-kezen-kezenimen-zhanartylmaq-55575188.html
Мәскеуде ескі үйлер кезең-кезеңімен жаңартылмақ
Мәскеуде ескі үйлер кезең-кезеңімен жаңартылмақ
Sputnik Қазақстан
Қала әкімі Собяниннің айтуынша, барлық ескірген тұрғын үйлер бірте-бірте жөндеу бағдарламасына енгізіледі 11.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-11T15:52+0500
2025-07-11T15:52+0500
2025-07-11T15:57+0500
ресей
мәскеу
https://sputnik.kz/img/old/839/32/8393261_0:108:3000:1796_1920x0_80_0_0_080ff84b3cf7e026e236581e7e1be08d.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Мәскеу заманауи қала болып қалуы үшін өнеркәсіптік аймақтар мен жаңа орындарды салып қана қоймай, ескірген тұрғын үйлерді кезең-кезеңімен жаңартуды ойластыру қажет, деп мәлімдеді Мәскеу мэрі Сергей Собянин РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында."Біз үйлер 30-40-50 жыл қызмет етуі керек, содан кейін коммунизм орнап, бәрі қайта салынады деп ойладық. Коммунизм болған жоқ, үйлер қалды. Ал құрылымдық қауіпсіздік тұрғысынан көптеген 9-12 қабатты үйлер хрущевтік бес қабатты үйлерден де нашар. Алайда сол бес қабатты үйлер құламай тұрады. Онда өмір сүру мүмкін емес, бірақ ол тұра береді. Ал 12 қабатты панельдік үй - бұл сәл басқа әңгіме. Ол құрылымдардың қауіпсіздігімен байланысты. Сондықтан, әрине, біз осы санаттағы үйлермен, жалпы қаламен жұмыс жасауды ойластырып жатырмыз. Егер бұл қала жас әрі заманауи болсын десек, онда индустриялық аймақтарды салып, заманауи үйлер тұрғызып қана қоймай, моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген, тозығы жеткен тұрғын үйлерді артта қалдыру қажет", - деді Собянин.Әкім қала билігі ескірген тұрғын үйлерді кезең-кезеңімен жөндеуді ойластыру керектігін айтты."Батыс елдерінде бұл басқаша шешіледі: олар ғимаратты қауіпті деп таныса, қош бол деп, барлық тұрғынды шығарып жібереді. Бұл жерде де солай жасауға болады. Бірақ менің ойымша, бізде солай жасаған жағдайда арты хаосқа әкеліп соғады. Бұл дұрыс болмайды. Мұнымен жоспарлы түрде айналысуымыз керек, қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді әкім.
https://sputnik.kz/20241202/elordada-maskeu-astana-zhasampaz-qalalar-iskerlik-forumy-otip-zhatyr-48995748.html
ресей
мәскеу
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/839/32/8393261_167:0:2834:2000_1920x0_80_0_0_d501594014a9098d622707d07275b0dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, мәскеу
Мәскеуде ескі үйлер кезең-кезеңімен жаңартылмақ
15:52 11.07.2025 (жаңартылды: 15:57 11.07.2025) Қала әкімі Собяниннің айтуынша, барлық ескірген тұрғын үйлер бірте-бірте жөндеу бағдарламасына енгізіледі
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Мәскеу заманауи қала болып қалуы үшін өнеркәсіптік аймақтар мен жаңа орындарды салып қана қоймай, ескірген тұрғын үйлерді кезең-кезеңімен жаңартуды ойластыру қажет, деп
мәлімдеді Мәскеу мэрі Сергей Собянин РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
"Біз үйлер 30-40-50 жыл қызмет етуі керек, содан кейін коммунизм орнап, бәрі қайта салынады деп ойладық. Коммунизм болған жоқ, үйлер қалды. Ал құрылымдық қауіпсіздік тұрғысынан көптеген 9-12 қабатты үйлер хрущевтік бес қабатты үйлерден де нашар. Алайда сол бес қабатты үйлер құламай тұрады. Онда өмір сүру мүмкін емес, бірақ ол тұра береді. Ал 12 қабатты панельдік үй - бұл сәл басқа әңгіме. Ол құрылымдардың қауіпсіздігімен байланысты. Сондықтан, әрине, біз осы санаттағы үйлермен, жалпы қаламен жұмыс жасауды ойластырып жатырмыз. Егер бұл қала жас әрі заманауи болсын десек, онда индустриялық аймақтарды салып, заманауи үйлер тұрғызып қана қоймай, моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген, тозығы жеткен тұрғын үйлерді артта қалдыру қажет", - деді Собянин.
Әкім қала билігі ескірген тұрғын үйлерді кезең-кезеңімен жөндеуді ойластыру керектігін айтты.
"Батыс елдерінде бұл басқаша шешіледі: олар ғимаратты қауіпті деп таныса, қош бол деп, барлық тұрғынды шығарып жібереді. Бұл жерде де солай жасауға болады. Бірақ менің ойымша, бізде солай жасаған жағдайда арты хаосқа әкеліп соғады. Бұл дұрыс болмайды. Мұнымен жоспарлы түрде айналысуымыз керек, қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді әкім.