https://sputnik.kz/20250711/astanaga-bara-zhatqan-zhanturshigerlik-zhol-apatynan-eki-adam-koz-zhumdy-55578339.html
"Астанаға бара жатқан": жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды
"Астанаға бара жатқан": жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Тағы екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді 11.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-11T18:25+0500
2025-07-11T18:25+0500
2025-07-11T18:26+0500
жол апаты
қарағанды
https://sputnik.kz/img/19/35/193564_0:285:5472:3363_1920x0_80_0_0_da81f8a45ae3c913580640ca6f1eaba8.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қарағанды – Астана автожолында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаменті.Трагедия 11 шілде күні шамамен сағат 14:00-де болған.Жол апаты салдарынан Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жолда мұқият әрі сақ болуға шақырды.
https://sputnik.kz/20250702/astanada-zhol-apatynan-24-zhastagy-zhurgizushi-koz-zhumdy-55293789.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/19/35/193564_304:0:5168:3648_1920x0_80_0_0_0a526c16d830dc5ae4b6a0495873ac22.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты, қарағанды
"Астанаға бара жатқан": жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды
18:25 11.07.2025 (жаңартылды: 18:26 11.07.2025) Тағы екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қарағанды – Астана автожолында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаменті.
Трагедия 11 шілде күні шамамен сағат 14:00-де болған.
"27 жастағы Kia Rio көлігінің жүргізушісі Астана қаласына бара жатып, жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан ол алдында келе жатқан Shanceman автокөлігімен соқтығысқан", - дейді Қарағанды облысының ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Сұңғат Абылқас.
Жол апаты салдарынан Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жолда мұқият әрі сақ болуға шақырды.