Астанада жол апатынан 24 жастағы жүргізуші көз жұмды

астана мост - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2025
Жазылу
Адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Астанада жол апатынан 24 жастағы жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша Қалдаяқов көшесімен Арыс көпірі бағытында келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігінің 24 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылып, қарсы жолаққа шығып кетіп, екі көлікпен соқтығысқан.
"Жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде", - деп жазылған хабарламада.
Адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицейлер жол қозғалысына қатысушыларды ережені қатаң сақтауға және жолда өте сақ болуға шақырды.
Предупреждающий знак на дороге. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2025
Абай облысында сарбаз бен оның ата-анасы жол апатынан көз жұмды
Жаңалықтар
0