https://sputnik.kz/20250710/batys-qazaqstanda-auyldagy-veterinar-mamandarga-100-zhana-kolik-tabystaldy-55538392.html
Батыс Қазақстанда ауылдағы ветеринар мамандарға 100 жаңа көлік табысталды
Батыс Қазақстанда ауылдағы ветеринар мамандарға 100 жаңа көлік табысталды
Sputnik Қазақстан
Биыл облыс бойынша 5 миллиард теңгеге жуық қаражатқа 200-ге жуық арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр 10.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-10T19:40+0500
2025-07-10T19:40+0500
2025-07-10T19:40+0500
ауыл
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0a/55538468_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_44fe4cf650a1eaa203a67875d63762f7.jpg
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ауылдық округтерде жұмыс істейтін ветеринар мамандарға 106 жаңа қызметтік автокөлік табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.Барлық көлік заманауи ветеринариялық құрал-жабдықпен жабдықталған. Соның арқасында елді мекендерде ветеринариялық қызметтің жылдамдығы да, тиімділігі де арта түседі.Өңір басшысы Нариман Төреғалиевтің айтуынша, соңғы екі жылда халықтың өмірін қамтамасыз ететін салалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін облыстық бюджеттен 10 млрд теңгеге бөлінді. Ал төтенше жағдай, орман шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық, ветеринария, білім мен денсаулық салаларына 700-ге жуық арнайы техника сатып алынды."Биыл облыс бойынша 5 миллиард теңгеге жуық қаражатқа 200-ге жуық арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр. Соның аясында жуырда "Батысирригация" мекемесіне 18 бірлік, бүгін ветеринариялық станцияларға 106 арнайы техника берілді", - дейді Төреғалиев.
https://sputnik.kz/20231217/abay-oblysynda-ormanshylarga-14-zhana-kolik-berildi-40997904.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0a/55538468_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_fad45a219b0e0dc697b24a574d09edc6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл, батыс қазақстан облысы
ауыл, батыс қазақстан облысы
Батыс Қазақстанда ауылдағы ветеринар мамандарға 100 жаңа көлік табысталды
Биыл облыс бойынша 5 миллиард теңгеге жуық қаражатқа 200-ге жуық арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ауылдық округтерде жұмыс істейтін ветеринар мамандарға 106 жаңа қызметтік автокөлік табысталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына
сілтеме жасап.
Барлық көлік заманауи ветеринариялық құрал-жабдықпен жабдықталған. Соның арқасында елді мекендерде ветеринариялық қызметтің жылдамдығы да, тиімділігі де арта түседі.
Өңір басшысы Нариман Төреғалиевтің айтуынша, соңғы екі жылда халықтың өмірін қамтамасыз ететін салалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін облыстық бюджеттен 10 млрд теңгеге бөлінді. Ал төтенше жағдай, орман шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық, ветеринария, білім мен денсаулық салаларына 700-ге жуық арнайы техника сатып алынды.
"Биыл облыс бойынша 5 миллиард теңгеге жуық қаражатқа 200-ге жуық арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр. Соның аясында жуырда "Батысирригация" мекемесіне 18 бірлік, бүгін ветеринариялық станцияларға 106 арнайы техника берілді", - дейді Төреғалиев.