Абай облысында орманшыларға 14 жаңа көлік табысталды

© Photo : ҚР ТЖМ ресми сайтыСемей орманындағы өртті сөндіру жұмыстары
Семей орманындағы өртті сөндіру жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2023
Жазылу
Жазда орман отқа оранғанда 20-ға жуық өрт сөндіру машинасы істен шыққан
АСТАНА, 17 желтоқсан - Sputnik. "Семей орманы" табиғи резерватының автопаркі жаңа техникалармен толықты. Шағын өрт сөндіру кешені саналатын, жол талғамайтын 14 "УАЗ" автокөлігі орман шаруашылықтарына табыс етілді, деп хабарлайды 24.kz.

Жазда 63 мың гектар қарағайлы орман отқа оранғанда 20-ға жуық өрт сөндіру машинасы істен шыққан еді. Сол кезде табиғи резерваттағы көліктердің 40%-тен астамы тозып тұрғаны айтылған болатын. Осы мәселені шешу үшін мемлекеттен 1 миллиард 400 миллион теңге қаржы бөлінген. Орманшыларды көлікпен қамтамасыз ету келер жылы да жалғасады.

"Мына техниканың ерекшелігі, ең бірінші, жылдамдығы. Өрттің 97%-і найзағайдан болады. Найзағай түсе қалғанда жылдам шығып, жылдам өшіретін техникамен жабдықталған. Осындай көлік болған. Бірақ өте аз болды, 6 көлік қана болды. Қазір, міне, келіп жатыр", - дейді "Семей орманы" табиғи резерваты бас директорының орынбасары Ғани Алпысшалов.
Абай облысындағы өртті сөндіру жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2023
Абай облысындағы орман өрті
"Комиссия шешеді": орман өрті кезінде қаза болған 15-ші адам құрбандар тізіміне қосыла ма
Жаңалықтар
0