https://sputnik.kz/20250709/zhuyeli-zhumys-istelip-zhatyr---toqaev-su-sharuashylygy-zhayly-55504137.html
Жүйелі жұмыс істеліп жатыр - Тоқаев су шаруашылығы жайлы
Жүйелі жұмыс істеліп жатыр - Тоқаев су шаруашылығы жайлы
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапатталды 09.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-09T13:07+0500
2025-07-09T13:07+0500
2025-07-09T13:07+0500
президент
марапаттау
https://sputnik.kz/img/07e9/07/09/55502301_0:75:1280:795_1920x0_80_0_0_f2544ccdf661ccbb050843e792476a10.jpg
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Президент су шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлады Ақорда.Президент су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, су – бүкіл тіршіліктің көзі, әлемдегі барлық ел үшін аса маңызды стратегиялық ресурс екенін айтты.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бұл салада арнайы су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғанын айтып, жаңа Су кодексі қабылданғанын да еске салды.Президент су саласында мықты мамандар әлі де жетіспейтінін атап өтті."Былтыр Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылды. Осы мамандыққа бөлінетін грант саны екі есе артты. 500-ден астам студент бюджет қаржысына білім алып жатыр. Олар оқуын аяқтаған соң "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы аясында жұмыс істей алады. Сондай-ақ 120 қызметкер Қытайда тәжірибе алмасып, қосымша білім алуда. Су шаруашылығы мамандарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән берілуде. Былтыр олардың жалақысы 25 пайызға өсті. Биыл да көбейеді. Бір сөзбен айтсақ, жүйелі жұмыс істеліп жатыр", – деді мемлекет басшысы.Салтанатты іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.Еске салайық, былтыр "Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы бекітілді. Бүгін осы атақ бірқатар ардагерге берілді.
https://sputnik.kz/20250706/kush-zhigeri-mol-adamdar-shugyldanady-toqaev-boksshylardy-zhenispen-quttyqtady-55441344.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/09/55502301_60:0:1220:870_1920x0_80_0_0_7b0f4984066abb2d0fead43d39a15999.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, марапаттау
Жүйелі жұмыс істеліп жатыр - Тоқаев су шаруашылығы жайлы
Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапатталды
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Президент су шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
Президент су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, су – бүкіл тіршіліктің көзі, әлемдегі барлық ел үшін аса маңызды стратегиялық ресурс екенін айтты.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бұл салада арнайы су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғанын айтып, жаңа Су кодексі қабылданғанын да еске салды.
"Ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Су нысандарын салуға және қалпына келтіруге қомақты қаражат бөлінді. Шетелден инвестиция тартылуда. Қазір осы салада 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Олар қала мен ауылды, өндірістер мен егіс алқаптарын сумен қамтамасыз етуде", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент су саласында мықты мамандар әлі де жетіспейтінін атап өтті.
"Былтыр Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылды. Осы мамандыққа бөлінетін грант саны екі есе артты. 500-ден астам студент бюджет қаржысына білім алып жатыр. Олар оқуын аяқтаған соң "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы аясында жұмыс істей алады. Сондай-ақ 120 қызметкер Қытайда тәжірибе алмасып, қосымша білім алуда. Су шаруашылығы мамандарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән берілуде. Былтыр олардың жалақысы 25 пайызға өсті. Биыл да көбейеді. Бір сөзбен айтсақ, жүйелі жұмыс істеліп жатыр", – деді мемлекет басшысы.
Салтанатты іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.
Еске салайық, былтыр "Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы бекітілді. Бүгін осы атақ бірқатар ардагерге берілді.