"Күш-жігері мол адамдар шұғылданады": Тоқаев боксшыларды жеңіспен құттықтады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев поздравил сборную Казахстана по боксу с успехами на этапе Кубка мира в Астане
Токаев поздравил сборную Казахстана по боксу с успехами на этапе Кубка мира в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 6 шілде - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрама боксшыларымен әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорда.
"Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокспен тек мықты, күш-жігері мол адамдар шұғылданады. Бұл – ерекше спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрқашан сіздерді қолдайды. Қазақстанда бокстың келешегі зор болатынына ешқандай күмәнім жоқ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетсек, бүгін президент бокстан әлем кубогының финалын жанкүйерлермен бірге тамашалауға барды.
Қазақстанда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогына қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы Олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.
Қазақстан құрамасында қазір бес алтын, бір күміс және үш қола медаль.
Бокстан әлем кубогында қазақстандықтар үш алтын және бір күміс медал жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2025
Әлем кубогы: тағы екі боксшы чемпион атанды
Жаңалықтар
0