https://sputnik.kz/20250709/zhetisu-oblysynda-zamanaui-beton-zauyty-ashyldy-55520238.html
Жетісу облысында заманауи бетон зауыты ашылды
Жетісу облысында заманауи бетон зауыты ашылды
Sputnik Қазақстан
Кәсіпорында қазір 50 тұрақты жұмыс орны ашылды 09.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-09T22:51+0500
2025-07-09T22:51+0500
2025-07-09T22:51+0500
зауыт
жетісу облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/07/09/55520328_0:59:1074:663_1920x0_80_0_0_060202530102cb74d479d895a24302b5.jpg
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Жетісу өңірінде газбетонды блоктар шығаратын заманауи зауыт ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.Жетісу облысы құрылғаннан бері үш жыл ішінде өнеркәсіптік өндірістің жылдық көлемі 16,8% өсіммен 347 млрд теңгеге жетті. Осы жылдар ішінде өнеркәсіпте жалпы сомасы 85 млрд теңгеге 35 жоба іске асырылды. Олардың ішінде жел және су электр станциялары, өнеркәсіптік аккумуляторлар мен күн панельдерін шығаратын зауыттар бар. Тағы бір жоба – Талдықорғанда іргесі қаланған осы бетон зауыты.Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатовтың айтуынша, жаңа зауыт құрылыс саласын жергілікті материалдармен қамтамасыз етіп, өңірдің құрылыс индустриясын дамытады. Нәтижесінде шетелдік өнімге тәуелділік азаяды."Қытай технологиясымен шығарылатын бұл кірпіштің басты ерекшелігі – олар қыста жылуды өте жақсы сақтайды, ал жазда бөлмені салқын күйінде ұстап тұра алады. Сондықтан олар негізінен көп қабатты үйлер мен жалпы тұрғын үйлер салуда пайдаланылады. Өндірісте жергілікті шикізат қолданылады. Біздің өніміміз ең алдымен Жетісу облысында және көрші Алматы облысында саудаланатын болады", - деді зауыттың өндірістік директоры Дәурен Нұрәлі.
https://sputnik.kz/20250704/qytay-kompaniyasy-qazaqstanda-qaldyqty-kadege-zharatatyn-birneshe-zauyt-salady-55348763.html
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/09/55520328_58:0:1018:720_1920x0_80_0_0_770871d3663d27b21dd450ad283dbb6a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт, жетісу облысы
Жетісу облысында заманауи бетон зауыты ашылды
Кәсіпорында қазір 50 тұрақты жұмыс орны ашылды
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Жетісу өңірінде газбетонды блоктар шығаратын заманауи зауыт ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жетісу облысы құрылғаннан бері үш жыл ішінде өнеркәсіптік өндірістің жылдық көлемі 16,8% өсіммен 347 млрд теңгеге жетті. Осы жылдар ішінде өнеркәсіпте жалпы сомасы 85 млрд теңгеге 35 жоба іске асырылды. Олардың ішінде жел және су электр станциялары, өнеркәсіптік аккумуляторлар мен күн панельдерін шығаратын зауыттар бар. Тағы бір жоба – Талдықорғанда іргесі қаланған осы бетон зауыты.
"Зауыттың жылдық қуаты жылына 150 мың текше метр. Мұнда 50 жаңа жұмыс орны ашылған. Жаңа зауытқа 2,5 млрд теңге инвестиция тартылған", - дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатовтың айтуынша, жаңа зауыт құрылыс саласын жергілікті материалдармен қамтамасыз етіп, өңірдің құрылыс индустриясын дамытады. Нәтижесінде шетелдік өнімге тәуелділік азаяды.
"Қытай технологиясымен шығарылатын бұл кірпіштің басты ерекшелігі – олар қыста жылуды өте жақсы сақтайды, ал жазда бөлмені салқын күйінде ұстап тұра алады. Сондықтан олар негізінен көп қабатты үйлер мен жалпы тұрғын үйлер салуда пайдаланылады. Өндірісте жергілікті шикізат қолданылады. Біздің өніміміз ең алдымен Жетісу облысында және көрші Алматы облысында саудаланатын болады", - деді зауыттың өндірістік директоры Дәурен Нұрәлі.