https://sputnik.kz/20250709/shymkentte-buryngy-madeniet-uyinin-direktory-ustaldy-55498095.html
Шымкентте бұрынғы мәдениет үйінің директоры ұсталды
Шымкентте бұрынғы мәдениет үйінің директоры ұсталды
Sputnik Қазақстан
Күдіктілер 136 млн теңгеден астам көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр 09.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-09T11:43+0500
2025-07-09T11:43+0500
2025-07-09T11:43+0500
қылмыс
театр
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_0:163:3065:1887_1920x0_80_0_0_2743cd4624635c850046076be1e91418.jpg
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында бұрынғы мәдениет үйінің директоры сыбайластарымен бірге ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгін қаржылық мониторинг агенттігі "Шымкент жастар театры" МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты тегеудің аяқталғанын мәлімдеді. Олар 136 млн теңгеден астам көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр.Тергеу материалдарына сәйкес, концерт өткізуге арналған жабдықтарды, соның ішінде колонкалар, сабвуферлер, сахналық ферма, күшейткіштер, микрофондар және тағы басқасын сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 320 млн теңге бөлінген болатын.Күдіктілердің біреуі қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын автокөлік пен пәтер сатып алып, мүлікті жасыру мақсатында оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген. Соттың санкциясымен осы мүлікке тыйым салынды. Ал күдіктілердің бәрі қамауға алынды.Ал Шымкент жастар театрының қазіргі әкімшілігі тергеуге бұрынғы басшылардың алынғанын хабарлады. Ол кезде жастар театры емес, "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы болған. Оны таратып жіберген.
https://sputnik.kz/20250707/esirtki-dayyndaumen-aynalysqan-sheteldik-eki-azamat-ustaldy-55447931.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_166:0:2897:2048_1920x0_80_0_0_fa3e44147d42acd286ef39503d6b2ce1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, театр, шымкент
Шымкентте бұрынғы мәдениет үйінің директоры ұсталды
Күдіктілер 136 млн теңгеден астам көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында бұрынғы мәдениет үйінің директоры сыбайластарымен бірге ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бүгін қаржылық мониторинг агенттігі "Шымкент жастар театры" МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты тегеудің аяқталғанын мәлімдеді. Олар 136 млн теңгеден астам көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр.
Тергеу материалдарына сәйкес, концерт өткізуге арналған жабдықтарды, соның ішінде колонкалар, сабвуферлер, сахналық ферма, күшейткіштер, микрофондар және тағы басқасын сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 320 млн теңге бөлінген болатын.
"Алайда сатып алу талаптарын бұза отырып, лоттарды қолдан бөлшектеу арқылы 20-дан астам атау бойынша сатып алу электронды дүкен арқылы жүргізілген. Электронды сауда алаңы арқылы жабдықты нақты жеткізбеген жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарттар жасалып, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған", - делінген ресми хабарламада.
Күдіктілердің біреуі қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын автокөлік пен пәтер сатып алып, мүлікті жасыру мақсатында оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген. Соттың санкциясымен осы мүлікке тыйым салынды. Ал күдіктілердің бәрі қамауға алынды.
Ал Шымкент жастар театрының қазіргі әкімшілігі тергеуге бұрынғы басшылардың алынғанын хабарлады. Ол кезде жастар театры емес, "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы болған. Оны таратып жіберген.
"Жастар театры таратылған ұйымның құқықтық мұрагері ғана болып табылады және бұрын жасалған құқықбұзушылықтарға қатысы жоқ", - делінген театрдың мәлімдемесінде.