Алакөл мен Балқашта демалушылар саны артты: полиция күшейтілген режимге көшті

Алакөл мен Балқаш көлдеріне демалушылар қатарының артуына байланысты Жетісу жолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Алакөл мен Балқаш көлдеріне демалушылар қатарының артуына байланысты Жетісу жолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2025
Жазылу
Негізгі автожолдарға жақын орналасқан аудандарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Алакөл мен Балқаш көлдеріне демалушылар санының артуына байланысты Жетісу жолдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Туристер легінің артуына байланысты негізгі автожолдарға жақын орналасқан аудандарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
"Патрульдік полицияның қосымша жасақтары тартылып, мобильді бекеттер орнатылды, тәулік бойы патрульдік бақылау ұйымдастырылған. Назардың негізгі бөлігі жол қозғалысы ережелерінің сақталуына аударылып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Полиция дерегінше, тәртіп сақшылары жүргізушілермен күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жылдамдықты асырмау, көлікті мас күйінде басқармау, қауіпсіздік белдігін тағу, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол беру қажеттігін ескертіп отыр
Туристердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін полиция қызметкерлері ресми кемпингтер мен демалыс аймақтарының орналасқан жерлері туралы ақпарат беріп жатыр
Завершена реконструкция республиканской автодороги Караганда-Балхаш  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2025
Балқаш көліне апаратын тағы бір жолдың қашан ашылатыны белгілі болды
Жаңалықтар
0