Балқаш көліне апаратын тағы бір жолдың қашан ашылатыны белгілі болды

© Photo : Пресс-служба АО "КазАвтоЖол"Завершена реконструкция республиканской автодороги "Караганда-Балхаш"
Завершена реконструкция республиканской автодороги Караганда-Балхаш  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Жетісу облысында Лепсі арқылы Балқаш көліне апаратын жаңа жолда көлік қозғалысы туристік маусым басталғанға дейін ашылады, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Көлік министрі Марат Қарабаевтың өзі "Лепсі – Балқаш" жолын қайта жаңарту жұмыстарының нәтижесін көріп қайтты. Бұл жол Балқаш көлінің оңтүстік-шығыс жағалауына апарады және өңірдің жаңа туристік нысандары мен шалғайдағы елді мекендерге жетуге мүмкіндік береді.
"Лепсіден Балқашқа дейінгі жаңартылған жолдың ұзындығы 27 шақырымды құрайды. Қайта құру жұмыстары барысында жолдың ені 6-дан 7 метрге дейін ұлғайды, ал техникалық санаты V-ден III-ге ауысты. Жол былтырғы жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Жұмыстар жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен салынды", - дейді министрлік мамандары.
Балқаш көлінің батыс жағалауымен өтетін "Қарағанды – Алматы" күре жолын қайта жаңарту жұмыстары да аяқталды. Бұл жобаны іске асыру еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлері арасындағы көлік байланысын едәуір нығайтып қана қоймай, батыс жағынан бірегей Балқаш көліне жайлы, әрі қауіпсіз жетуге мүмкіндік береді.
Ал "Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай" жолының 110 шақырымы жаңартылады. Былтыр жұмыстардың 87%-ы аяқталды. Атап айтқанда, 55 шақырымына асфальтбетонның төменгі қабаты төселді, 20 шақырымында жабынның төменгі қабаты жайластырылды. 2025 жылдың үшінші тоқсанының соңына қарай барлық жұмыс аяқталады деп жоспарланып отыр.
Зимняя дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2024
Қарағанды - Балқаш тас жолы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі
Жаңалықтар
0