Қазақстан "ШЫҰ мәдени мұрасының цифрлық платформасын" құруды ұсынды

© Photo : Министерство культуры и информации Республики КазахстанҚазақстан "ШЫҰ мәдени мұрасының цифрлық платформасын" құруды ұсынды
Қазақстан ШЫҰ мәдени мұрасының цифрлық платформасын құруды ұсынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2025
Жазылу
Бұл платформа ШЫҰ-ға мүше елдердің виртуалды музейлерін, өнер туындыларын, мәдени нысандар каталогтарын және сала шеберлерінің бейнесабақтарын қамтитын болады
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері кеңесіне қатысты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Мәдениет министрлерінің 22 кеңесі Циндао қаласында өтті.
"Мәдениет – бұл тек игі дәстүр ғана емес, болашақты жалғайтын рухани көпір. Біз ортақ бастамаларды неғұрлым белсенді дамытсақ, ШЫҰ мемлекеттерінің рухани бірлігі соғұрлым нығая түседі", – деді Аида Балаева.
Алдағы перспективалар бойынша министр креативті индустрияны қолдау, туризмді дамыту және мәдениетаралық байланысты кеңейту бағытында ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды. Атап айтсақ, ШЫҰ елдерінде өткізілетін, ұлттық қолөнер шеберлері, кілем тоқу, қыш шеберлері мен ою-өрнек өнерінің ұсталары қатысатын көшпелі Қолөнер және сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесін ұйымдастыруды ұсынды.
Сонымен қатар Аида Балаева "ШЫҰ мәдени мұрасының цифрлық платформасын" құру бастамасын көтерді. Бұл платформа ШЫҰ-ға мүше елдердің виртуалды музейлерін, өнер туындыларын, мәдени нысандар каталогтарын және сала шеберлерінің бейнесабақтарын қамтитын болады.
Министр Қазақстан бұл бастамаларды іске асыруға, сараптамалық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Контейнерные перевозки - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Тоқаев Қытаймен бірлескен жүк портын салуды ұсынды
Жаңалықтар
0