Тоқаев Қытаймен бірлескен жүк портын салуды ұсынды

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Контейнерные перевозки
Контейнерные перевозки - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Жазылу
Ол қытайлық серіктестермен бірге трансшекаралық өзендерде кеме қатынасын дамытуға болатынын атап өтті
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрық портында Қытаймен бірлескен жүк портын салуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Қазақстан Транскаспий бағытын күшейту мақсатында Каспий порттарын жаңарту мен цифрландыру, сондай-ақ жүк терминалдарын салу шараларына басымдық беріп келеді.
"Осы орайда Каспий теңізіндегі Құрық портында Қытаймен бірлескен жүк портын құруды ұсынамыз", - деді Тоқаев "Орталық Азия-Қытай" саммитінде.
Мемлекет басшысы болашақта қытайлық серіктестермен бірге трансшекаралық өзендерде кеме қатынасын дамытуға болатынын жеткізді.
"Біз Қазақстанның батысында Ақтөбе қаласында жүк әуе хабын құруға дайынбыз. Сол жерде барлық тауарды әуе қатынасымен Еуропалық одақ елдеріне тасымалдауға болады", - деп атап өтті президент.
Дворец Независимости в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Астанада "Орталық Азия - Қытай" саммиті басталды
Жаңалықтар
0