Қарасора төлқұжат қағазын дайындауда қолданылуы мүмкін

© PhotoМарихуана, канабис, иллюстративное фото
Марихуана, канабис, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2025
Жазылу
Мұндай шикізаттан өте сапалы қағаз шығаруға болады
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қарасораны өңдеуге қатысты жоспарларды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде бір инвестор табылды. Ол жерді таңдап жүр. Қарасораны өңдеу кәсіпорны Солтүстік Қазақстанда ашылуы мүмкін.
"Одан көп нәрсе істеуге болады. Қағаздан бастап майға дейін біраз өнім шығаруға мүмкіндік бар. Бірақ бізде техникалық қарасораны, яғни, құрамында есірткі жоқ қарасораны өңдеуге рұқсат бар. Ал ондай шикізаттан өте сапалы қағаз шығаруға болады. Одан жеке куәлік, төлқұжат, арнайы бланкілер жасайды",-деді Сұлтанов үкіметтегі брифингте.
Оның айтуынша, инвестор әлі нақты қандай өнім шығаратынын анықтаған жоқ. Дегенмен өнімнің барлығы экспортқа шығарылады.
Биыл отандық автокөліктер өндірісі 149 мың бірлікке дейін артады - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Биыл отандық автокөлік өндірісі 149 мыңға дейін артады
Жаңалықтар
0