Қапшағайда депутаттың көз алдында әйел суға батып кетті - тексеріс басталды

© Photo : Предоставлено министерством водных ресурсов и ирригации КазахстанаҚапшағай су қоймасы
Қапшағай су қоймасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2025
Жазылу
Суға кеткен қызға дер кезінде алғашқы көмекті қарапайым куәгерлер мен марқұмның туыстары көрсетуге тырысқан
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Қапшағай жағажайында әйел суға батып кетті. Қайғылы оқиға болған сәтте парламент мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек те отбасымен жағажайда демалып жүрген. Оқиғаны көзбен көрген депутат Қапшағайдағы біраз былықтың бетін ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оны құтқарып қалуға болар еді

"Қапшағайдағы "жабайы" туризмді кім қорғаштап отыр?!" деп әлеуметтік желіде жазба қалдырған депутат сол күні жағажайға отбасымен демалуға барған. "Қоғамдық "деп аталған жағажайда демалып, қайғылы жағдайды тап болған.

"Біріншіден, біз демалған жағажайда заңнама талаптарына сәйкес бейнебақылау камералары, құтқару шеңберлері, құтқару мұнаралары орнатылуы тиіс, құтқарушыларда дүрбілер, алғашқы медициналық көмек көрсете алатын медицина қызметкері, дауыс зорайтқыш, ақпараттық тақталар болуы керек. Өкінішке қарай, бұлардың ешқайсысы жоқ!" - дейді Бақытжан Базарбек.

Айтуынша, халықтан тек ақша жинағанмен, демалуға қолайлы, өркениетті жағдай жасалмаған.
Топты адамның арасында суға кеткен қызға дер кезінде алғашқы көмекті қарапайым куәгерлер мен марқұмның туыстары көрсетуге тырысқан, бірақ олардың қажетті дағдылары мен құзыреті болмаған. Депутат демалыс аймағының әкімшілігі де, иелері де, құтқарушылар да болған жоқ дейді.

Қызды судан алып шыққандар - қайықты жалға беретіндер

Бақытжан Базарбек қызды құтқарушылар емес, қайықты жалға беретін қарапайым қайықшылар мен туыстары, куәгерлер құтқармақ болды дейді.
"Осындай "жабайы" жағдайда, Капшағай жағажайларында егер суға кетіп жатсаң, сені кәсіби құтқарушылар емес, теледидардан құтқару тәсілін көрген қарапайым демалушылар құтқаратынын, ал алғашқы көмекті медиктер емес, сол демалушылар көрсететінін түсінесің. Қазақстандағы "жабайы" жағажайлар — нағыз "ресейлік рулетка" сияқты", - деп жазды депутат.
Пруд - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2025
Суға құлаған баласын құтқармақ болған әйелдің өзі де көз жұмды
Базарбектің айтуынша, Қазақстанның туристік инфрақұрылымы "жабайы". Бұл сөзіне де ол әлеуметтік желіде түсінік беріп кеткен.
"Себебі инфрақұрылым адамға және оның жайлылығына арналып жасалмаған! Әкімдіктер мен басқа да мемлекеттік органдардағы жемқорлардың қолдауымен бай "Буратиндер" барлық су қорғау аймақтары мен жолақтарды басып алып, "Resort", "Royal", "Beach" деген даңғаза атаулары бар демалыс аймақтарын ашып алған. Олардың кәріз жүйесі, электрмен және сумен қамтуы түсініксіз жағдайда", - дейді парламент мәжілісінің депутаты.

Қапшағайда қоғамдық жағажай жоқ

Қапшағайда шын мәнінде қоғамдық жағажайлар жоқтың қасы — су қорғау аймақтары мен жолақтары түгелдей жеке меншікке берілген немесе ең жақсы жағдайда жалға алынған, дейді Бақытжан Базарбек.
"Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры ақпараттық базасы бойынша мен Қапшағайда шамамен 300 демалыс аймағын есептедім, олар "заңды" түрде су қорғау аймақтарын басып алып, қоршап алып, Михаил Козачков айтқандай, демалушылардан "алым" жинап отыр", - дейді ол.
Жақында Базарбек жағажайлардағы жағдайды тексеретіндерін айтты: жағажайдағы жер телімі кімге тиесілі, кімдер жалға беріп отыр, халыққа қандай жағдай жасалған.

Қапшағай жағажайы жабылды

Қалалық әкімдік қайғылы оқиға болған демалыс аймағының жұмысы уақытша тоқтатылды деп мәлімдеме жасады.
"Айта кететін жайт, әкімдік тарапынан демалыс орындарына, жағажайларға қатысты мониторинг жалғасып жатыр. Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер құзырлы органдарға шара қабылдау үшін жолданды. Бұған дейін прокуратура, ТЖБ, әкімдік мамандары жағажайларда қызмет ететін кәсіпкерлермен бірнеше рет жүздесіп, барлық заң талаптарын түсіндірген болатын", - дейді Қонаев қаласының әкімдігі.
Қонаев қаласында кез келген бағыттағы өтінішті, төтенше жағдайларды хабарлауға арналған "109" бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеп тұр. Тұрғындар мен қонақтардан жағажайлар мен бизнес орындарының қызметіне қатысты арыздарды осы нөмір арқылы хабарлауларын сұраймыз. Бұдан бөлек, елімізде 112 жедел желісі де жұмыс істейді, дейді ведомстводағылар.
Ал полиция қылмыстық іс қозғапты.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Таныстары видеоға түсіріп тұрған: Жетісу облысында 36 жастағы ер адам суға ағып кетті
7 шілде күні болған оқиғаға байланысты Қонаев қаласы полиция басқармасы Қылмыстық Кодекстің 306-бабы, 3-тармағына "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" сәйкес қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
"Қапшағай су қоймасындағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер құтқару техникасының және кезекші құтқарушылардың бар-жоғын, демалыс аймағының белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтайды", - дейді Алматы облыстық полиция департаментіндегілер.
Биыл Қапшағай жағалауында 9 адам суға батқан, оның екеуі қайтыс болды.
Депутат әкімдерге 2 жылдық сынақ мерзімін беруді ұсынды
Жаңалықтар
0