Суға құлаған баласын құтқармақ болған әйелдің өзі де көз жұмды

© Pixabay / Jamir Tamboli Пруд
Пруд - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2025
Жазылу
Алдын ала ақпарат бойынша 1981 жылы туған әйел мен 2015 жылы туған ұлы демалысқа келген
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында демалған әйел мен оның баласы суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 22 маусым күні Маралсай шатқалында болған. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 10 жастағы бала абайсызда суға құлап кеткен. Сол кезде анасы оны құтқарамын деп, Талғар өзеніне секірген. Екеуі де жағаға шыға алмады.

"Алдын ала ақпарат бойынша 1981 жылы туған әйел мен 2015 жылы туған ұлы демалысқа келген. Саябақ аумағында жүрген кезде абайсызда суға құлап, ағыс оларды алып кеткен. 22 маусымда сағат 18:35-те құтқарушылар әйелдің денесін судан алып шықты. Баланы іздеу жұмыстары Талғар өзенінің бойымен жалғасып жатыр", - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі кезде іздестіру-құтқару операциясына шамамен 20-дан астам техника мен 110 қызметкер тартылып отыр.
Олардың ішнде ұлттық парк қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, "Lider.kz" еріктілер қозғалысы және басқа да еріктілер бар.
Жаңалықтар
0