"Алматы – Саратов" бағытында жаңа вагондар жолға шықты

"Алматы – Саратов" бағытында жаңа вагондар жолға шықты
Алматы – Саратов бағытында жаңа вагондар жолға шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ Алматы – Саратов бағытына жаңа вагондар шығарды, жеп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Жылжымалы құрам паркі 30 жаңа жолаушылар вагонымен толықты. Олар Петропавл қаласындағы отандық зауытта өндірілген және бүгінде №7/8 "Алматы-2 – Саратов" бағыты бойынша жолға шықты.
"Бүгін іске қосылған "Алматы – Саратов" бағытына арналған жаңа вагондар өңіраралық қатынастарды дамытуда маңызды қадам болады", – деді компанияның басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.
Жаңа құрамда әр пойызда 10 вагон бар, оның ішінде 5 купелік және 5 плацкарт вагон. Бір бағытта 400-ден астам жолаушы тасымалданады.
Жаңа вагондар халықаралық стандарттарға сай жобаланған, дейді компаниядағылар. Әр купеде эргономикалық ұйықтайтын орындар, жеке жарық шамдары, бас тірегіштер, гаджеттерін қуаттауға арналған USB порттары және электр розеткалары бар. Вагондардың қызмет ету мерзімі – 40 жыл.
2030 жылға дейін "Жолаушылар тасымалы" АҚ жылжымалы құрам паркін 100% жаңарту көзделген.
Елордадағы зауыт Жолаушылар тасымалы АҚ үшін биыл 51 вагон дайындайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Елордадағы зауыт "Жолаушылар тасымалы" АҚ үшін биыл 51 вагон дайындайды
Жаңалықтар
0