Қарағанды - Балқаш тас жолында көлік өртеніп кетті - жеті адам көз жұмды

жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2025
Жазылу
Екі адам ауруханада жатыр
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Қарағанды-Балқаш тас жолында көлік апаты болып, жеті адам қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол апаты 5 шілде болған.
"Балқаш қаласы бағытында келе жатқан Kia Sedona көлігінің жүргізушісі алда келе жатқан көліктерді басып озбақ болған. Ол жол белгілеріне назар аудармай, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскесіне шығып кетіп, қоршауға соғылған. Соқтығыс салдарынан көлік өртеніп кетті", – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көлік ішінде тоғыз адам болған. Оқиға салдарынан жеті жолаушы көз жұмды. Жүргізуші мен бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар белгіленді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Автокөлік басқару - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Алматы облысында үш оқушы жол апатынан қайтыс болды
Жаңалықтар
0