Алматы облысында үш оқушы жол апатынан қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевАвтокөлік басқару
Автокөлік басқару - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
АСТАНА, 28 мамыр - Sputnik. Алматы облысында үш оқушы жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 27 мамыр күні сағат шамамен 04:20-да болған.
"Төңкеріс – Байсерке – Қараой" автожолының 44-шақырымында жол апаты болды. Mitsubishi Galant маркалы автокөлікті кәмелетке толмаған жүргізуші басқарған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан автокөлік ағашқа соғылған", - дейді ведомстводағылар.
Салдарынан кәмелетке толмаған жүргізуші мен жолаушылардың бірі оқиға орнында қайтыс болды. Тағы екі адам медициналық мекемеге жеткізілді, алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, олардың бірі қайтыс болды. Айта кетейік, қайтыс болған үш адам - жасөспірімдер.
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті сараптамалар жасалып жатыр.
Барлық жағдайлар анықталғаннан кейін заңды өкілдерге қатысты заңнама аясында шешім қабылданатын болады, дейді полиция өкілдері.
Самолеты на взлетно-посадочной полосе - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
"Досымның сөмкесінде бомба бар": жасөспірім ұшақты үш сағатқа кешіктірді
Жаңалықтар
0