Әлем кубогында Қазақстан қоржынына тағы үш алтын түсті

© АқордаБокстан әлем кубогында қазақстандықтар үш алтын және бір күміс медал жеңіп алды
Бокстан әлем кубогында қазақстандықтар үш алтын және бір күміс медал жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2025
Жазылу
Жеңімпаздардың әрбір ұпайы Олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді
АСТАНА, 6 шілде - Sputnik. Астанада өтіп жатқан Әлем кубогында Виктория Графеева, Наталья Богданова мен Санжар Тәшкенбай алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Виктория Графеева 60 келі салмақта бразилиялық Ребека Де Лима Сантосты жеңіп, алтын медаль иеленді.
70 келі салмақта шыққан Наталья Богданова австралиялық Лекейша Перголитимен бақ сынасты. Қарсыласынан басым түсіп, Богданова қанжығаға алтын байлады.
Санжар Тәшкенбай 50 келі салмақта филиппиндік боксшы Джей Бриан Барикуатромен шықты. Жекпе-жектің үшінші раундында қарсыласын нокдаунға түсірді. Қорытынды есеп бойынша 5:0 ұпайымен Санжар Тәшкенбай жеңіске жетті.
Сонымен Қазақстан қоржынына түскен алтын саны 6-ға жетті. Бұған дейін Назым Қызайбай, Бекзат Нұрдәулетов, Махмұд Сабырхан чемпион атанды. Бұдан бөлек, ел қоржынында бір күміс және үш қола медаль бар.
Қазақстанда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогына қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы Олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.
Токаев посетил финал и Кубка мира по боксу в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2025
Тоқаев бокстан әлем кубогының финалын тамашалауға барды
Жаңалықтар
0