Тоқаев бокстан әлем кубогының финалын тамашалауға барды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев посетил финал и Кубка мира по боксу в Астане
Токаев посетил финал и Кубка мира по боксу в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 6 шілде - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын жанкүйерлермен бірге тамашалауға барды.
Әлем кубогының финалы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр.
Қазақстанда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогына қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.
Қазақстан қоржынында әзірге үш алтын және бір күміс медаль.
Назым Қызайбай 48 келі салмақта үндістандық Минакшиді жеңіп, алтын медаль алды.
Махмұд Сабырханның қарсыласы жекпе-жектен бас тартуына байланысты ол әлем кубогінің чемпиондық атағына қол жеткізді.
85 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов үндістандық Жугно Жугномен жұдырықтасып, жеңіске жетті.
80 келіде сынға түскен Нұрбек Оралбай қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлде иеленді.
Назым Кызайбай на Олимпиаде в Париже 2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2025
Әлем кубогында Назым Қызайбай ел қоржынына алғашқы "алтын" салды
Жаңалықтар
0