ОПЕК+ мұнай өндірудің шекті деңгейін арттырады

© Photo : Пресс-служба министерства энергетики КазахстанаВ Казахстане начинается реализация нефтегазового проекта по освоению месторождений "Каламкас-море" и "Хазар"
В Казахстане начинается реализация нефтегазового проекта по освоению месторождений Каламкас-море и Хазар  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. ОПЕК+ "сегіздігі" тамызда мұнай өндірудің шекті деңгейін арттыратын болды, деп хабарлайды РИА Новости.
Ұйым шекті деңгейді тәулігіне бірден 548 мың баррельге арттыруға шешім қабылдады.
Ресей, Сауд Арабиясы, Ирак, БАӘ, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман мамыр айынан бастап сәуірде басталған тәулігіне 2,2 миллион баррельге шектеуді алып тастауды жеделдету туралы келісті: мамыр айынан бастап олар сәуір айындағыдан тәулігіне 411 мың баррель артық өндіруге шешім қабылдады. Оларға маусым-шілдеде ай сайын осындай көлемде өнім өндіруге рұқсат берілді.
"Қатысушы сегіз ел 2025 жылдың тамызында өндіру көлемін 2025 жылдың шілдесінде талап етілген өндіру деңгейінен тәулігіне 548 мың баррельге арттырады", - делінген хабарламада.
Алайда ОПЕК+ нарықтық жағдайға байланысты мұнай өндіру көлемін арттыруды тоқтата тұруы немесе мүлдем тоқтатып тастауы мүмкін екендігі айтылды.
Атырауский нефтеперерабатывающий завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Қазақстан мұнай-газ саласына 15 млрд доллар инвестиция тартады
Жаңалықтар
0