https://sputnik.kz/20250617/qazaqstan-munay-gaz-salasyna-15-mlrd-dollar-investitsiya-tartady-54776830.html
Қазақстан мұнай-газ саласына 15 млрд доллар инвестиция тартады
Қазақстан мұнай-газ саласына 15 млрд доллар инвестиция тартады
Sputnik Қазақстан
Жаңа бастама аясында 19 000 жұмыс орнын ашады 17.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-17T18:37+0500
2025-06-17T18:37+0500
2025-06-17T18:37+0500
мұнай
газ
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0b/54530639_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_e42fa24e45aae8cb0a2e3d6315b0d395.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Қазақстан мұнай-газ химиясы саласында алты ірі жобаны жүзеге асыруға шамамен 15 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартады, деп хабарлады Энергетика министрлігі.Power Central Asia + China форумында таныстырылған бұл стратегиялық бастама 19 000-нан астам жаңа жұмыс орнын ашады.Энергетика министрлігі Мұнай-газ химиясы департаментінің директоры Темірлан Үркімбаевтың айтуынша, 2030 жылға дейінгі саланы дамыту жөніндегі жаңа жол картасы елдің декарбонизация және индустриялық өсу стратегиясының негізгі элементіне айналады.Бағдарламаның негізі алты ірі инвестициялық жоба болады. Олардың кейбірі қазірдің өзінде белсенді іске асырылып жатыр:Полипропилен өндіру зауыты (KPI): іске қосылып, жылына 500 мың тонна өнім өндіріп жатыр.Сонымен қатар ауыл шаруашылығында, автокөлік және жеңіл өнеркәсіпте сұранысқа ие болатын бутадиен, карбамид және басқа да өнімдерді өндіру бойынша жобалар қарастырылып жатыр.Жаңа кластердің өзегі 3600 гектардан астам аумақты алып жатқан "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы (АЭА) болады. АЭА инвесторларға дайын инфрақұрылым мен салықтық жеңілдіктер ұсына отырып, бүгінде 18 қатысушы компанияны біріктіріп отыр.
https://sputnik.kz/20250512/toqaev-abu-dabidin-taq-muragerimen-kelissoz-zhurgizdi-53463669.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0b/54530639_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_1ce6028173f82b435df57c2f045639df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, газ, инвестиция
Қазақстан мұнай-газ саласына 15 млрд доллар инвестиция тартады
Жаңа бастама аясында 19 000 жұмыс орнын ашады
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Қазақстан мұнай-газ химиясы саласында алты ірі жобаны жүзеге асыруға шамамен 15 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартады, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Power Central Asia + China форумында таныстырылған бұл стратегиялық бастама 19 000-нан астам жаңа жұмыс орнын ашады.
Энергетика министрлігі Мұнай-газ химиясы департаментінің директоры Темірлан Үркімбаевтың айтуынша, 2030 жылға дейінгі саланы дамыту жөніндегі жаңа жол картасы елдің декарбонизация және индустриялық өсу стратегиясының негізгі элементіне айналады.
"Қазақстан тек шикізат жеткізушісі ретінде танылған кезең аяқталып келеді. Біз жаңа, жоғары технологиялы әрі тұрақты экономика құрып жатырмыз. Мұнай-газ химиясы – бұл өз ресурстарымызды терең өңдеуге апарар жол. Бұл жай ғана зауыттар емес, бұл – мыңдаған сапалы жұмыс орындары, ғылым мен технологиялардың дамуы, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік нарықтағы позициясын күшейту", — деп атап өтті Темірлан Үркімбаев.
Бағдарламаның негізі алты ірі инвестициялық жоба болады. Олардың кейбірі қазірдің өзінде белсенді іске асырылып жатыр:
Полипропилен өндіру зауыты (KPI): іске қосылып, жылына 500 мың тонна өнім өндіріп жатыр.
"Полиэтилен өндіру зауыты: қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна болатын зауыт белсенді түрде салынып жатыр (дайындық жұмыстарының 49%-ы аяқталды), іске қосу 2029 жылға жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығында, автокөлік және жеңіл өнеркәсіпте сұранысқа ие болатын бутадиен, карбамид және басқа да өнімдерді өндіру бойынша жобалар қарастырылып жатыр.
Жаңа кластердің өзегі 3600 гектардан астам аумақты алып жатқан "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы (АЭА) болады. АЭА инвесторларға дайын инфрақұрылым мен салықтық жеңілдіктер ұсына отырып, бүгінде 18 қатысушы компанияны біріктіріп отыр.