БАӘ-нің Қазақстанға құйған инвестиция көлемі рекордтық көрсеткішке жетті

© Photo : АкордаПереговоры Токаева и наследного принца Абу-Даби шейха Халеда бен Мухаммедда бен Заида Аль Нахаяна
Переговоры Токаева и наследного принца Абу-Даби шейха Халеда бен Мухаммедда бен Заида Аль Нахаяна - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Жазылу
Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан экономикасындағы ең ірі шетелдік инвесторлардың ондығына кіреді
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабидің тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.
Президенттің айтуынша, қос мемлекеттің мақсат-мүдделері бір-бірімен сәйкес келеді. 2023 жылы екі ел үкіметтері Стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы бірлескен декларацияға қол қойды.
Кездесуде Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан экономикасындағы ең ірі шетелдік инвесторлардың ондығына кіретіні жөнінде айтылды. Былтыр БАӘ-нің елімізге құйған инвестиция көлемі екі есеге артып, рекордтық көрсеткішке жетті.
"Мемлекет басшысы аталған сапар аясында құны 5 миллиард долларды құрайтын 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылатынын құптады. Оларды жүзеге асыру қос ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты айтарлықтай ілгерілетіп, өзара тиімді байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді", - деп жазылған хабарламада.
Халед бен Мұхаммед Әл Нахаян Қазақстан мен БАӘ арасындағы қарым-қатынас өзара сенім, қолдау және ортақ игілікке бірге ұмтылу қағидаттарына құрылғанын атап өтті. Бұл байланыстар сауда-инвестициялық ықпалдастық шеңберінен шығып, энергетика, көлік салаларынан бастап цифрлық инфрақұрылым мен білім беру ісіне дейін жалғасып жатқан кең ауқымды бағыттарды қамтитынына тоқталды. Тақ мұрагерінің айтуынша, бүгін қол қойылған келісімдер екі елдің болашақта да бірлесіп жұмыс істеуге бейіл екенін дәлелдейді.
Жаңалықтар
0