Маңғыстауда екі жылда 13 бала терезеден құлаған

Терезе - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2025
Жазылу
Жазатайым оқиғалар былтырғымен салыстырғанда 60%-ке көбейген
АСТАНА, 5 шілде - Sputnik. Маңғыстау облысында кейінгі екі жылда балалардың терезеден құлауына қатысты 13 оқиға тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның бесеуі 2024 жылы, ал сегізі биыл маусым айына дейін болған. Яғни жазатайым оқиғалар былтырғымен салыстырғанда 60%-ке көбейген.
"Сегіз баланың біреуі қайтыс болды. Жетеуінің жағдайы жақсы, қазіргі таңда үйлеріне жіберілді. Соңғы оқиға 24 мамыр күні тіркелді. Қазір рейд жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көбінесе балаларды жалғыз қалдырып кеткен себебінен болып отыр", – деді ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мейірбек Исаев.
Құтқарушылардың мәліметінше, мұндай факті ата-аналардың баланы қараусыз қалдыруынан болады. Қазір балалар жазғы демалыста болғандықтан, олардың жазатайым оқиғаларға ұшырау қаупі де артқан.
Қазір бұл мақсатта өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Терезе алдындағы бала - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Жыл басынан бері 60 бала терезеден құлаған
Жаңалықтар
0