Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған 50 жаңа техника пайдалануға берілді

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған 50 жаңа техника пайдалануға берілді
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған 50 жаңа техника пайдалануға берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2025
Жазылу
Нәтижесінде 50-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Алматы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жүйесін күшейтеді, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған 50 жаңа арнайы машинаны тапсыру рәсімі Алатау ауданындағы қоқыс сұрыптайтын ірі кешен "Green Recycle" ЖШС аумағында өтті.
Техника қала жағдайына бейімделген, кран-манипуляторлық қондырғылармен жабдықталған және қоқысты шығарудың сапасы мен жүйелілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаны "Жасыл даму" АҚ және "Ақ Тәртіп" ЖШС бірлесе жүзеге асырып жатыр.
Нәтижесінде 50-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.
Ақтөбеге көшелер мен саябақтарды тазалауға арналған 35 жаңа техника жеткізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2025
Аймақ климатына бейімделген: Ақтөбеге көше тазалауға арналған 35 жаңа техника жеткізілді
Жаңалықтар
0