https://sputnik.kz/20250618/aymaq-klimatyna-beyimdelgen-aqtobege-koshe-tazalauga-arnalgan-35-zhana-tekhnika-zhetkizildi-54794365.html
Аймақ климатына бейімделген: Ақтөбеге көше тазалауға арналған 35 жаңа техника жеткізілді
Аймақ климатына бейімделген: Ақтөбеге көше тазалауға арналған 35 жаңа техника жеткізілді
Sputnik Қазақстан
Техникалар жыл бойы қала аумағын тазалауға арналған және жақын күндері облыс орталығының көшелерінде жұмысын бастайды 18.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-18T08:06+0500
2025-06-18T08:06+0500
2025-06-18T08:11+0500
ақтөбе
техника
https://sputnik.kz/img/07e9/06/12/54793928_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_cce4813a9caae4c6bf07b608888e98f7.jpg
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Ақтөбеге көшелер мен саябақтарды тазалауға арналған 35 жаңа техника жеткізілді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.Жаңа коммуналдық техниканың ішінде 15-і - скверлерді, саябақтар мен тротуарларды тазалауға арналған сыпыратын-вакуумдық машина, 20-сы - күзгі-қысқы маусымда көшелерді күтіп ұстауға бағытталған біріктірілген жол техникасы.Әкімдік хабарлауынша, аталған техникалар жыл бойы қала аумағын тазалауға арналған және жақын күндері облыс орталығының көшелерінде жұмысын бастайды.Облыс әкімі Асхат Шахаров жаңа техникаларды қарап шығып, оны пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ қаланы сапалы тазалауға көңіл бөлуді тапсырды.Erdemli компаниясы өкілінің айтуынша, 15 техника Ақтөбе климатына бейімделген және көпфункциялы сипатқа ие.Сыпыратын-вакуумдық машиналар сыпыру, шаң сору, жуу және қыс мезгілінде жұмыс істей алады. Мұзға қарсы ерітіндіге арналған бактардың болуы техниканы жыл бойы тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Компания жергілікті мамандарды оқытудың алғашқы кезеңін өткізді: 10–12 оператор дайындықтан өтті. Техникаға екі жылдық кепілдік беріледі, ал техникалық қызмет көрсету қалалық қызметтермен бірлесе атқарылады.
https://sputnik.kz/20250506/qazsushar-filialdaryna-300-den-astam-zhana-tekhnika-berildi-53200552.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/12/54793928_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_41f4965be89fef75f8a5f32654fe5533.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, техника
Аймақ климатына бейімделген: Ақтөбеге көше тазалауға арналған 35 жаңа техника жеткізілді
08:06 18.06.2025 (жаңартылды: 08:11 18.06.2025) Техникалар жыл бойы қала аумағын тазалауға арналған және жақын күндері облыс орталығының көшелерінде жұмысын бастайды
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Ақтөбеге көшелер мен саябақтарды тазалауға арналған 35 жаңа техника жеткізілді, деп хабарлады
облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңа коммуналдық техниканың ішінде 15-і - скверлерді, саябақтар мен тротуарларды тазалауға арналған сыпыратын-вакуумдық машина, 20-сы - күзгі-қысқы маусымда көшелерді күтіп ұстауға бағытталған біріктірілген жол техникасы.
Әкімдік хабарлауынша, аталған техникалар жыл бойы қала аумағын тазалауға арналған және жақын күндері облыс орталығының көшелерінде жұмысын бастайды.
Облыс әкімі Асхат Шахаров жаңа техникаларды қарап шығып, оны пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ қаланы сапалы тазалауға көңіл бөлуді тапсырды.
Erdemli компаниясы өкілінің айтуынша, 15 техника Ақтөбе климатына бейімделген және көпфункциялы сипатқа ие.
Сыпыратын-вакуумдық машиналар сыпыру, шаң сору, жуу және қыс мезгілінде жұмыс істей алады. Мұзға қарсы ерітіндіге арналған бактардың болуы техниканы жыл бойы тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
"Біздің вакуумдық тазалау машиналарымыз саябақтар мен қала көшелерін тазалауға арналған. Бұл техника ұзақ қызмет етеді және коммуналдық қызметтерге сенімді көмекші болатынына сенімдіміз. Ең бастысы – операторлар мұқият және ұқыпты қарау керек", – деді тасымалдаушы компания өкілі Баубек Қазыбаев.
Компания жергілікті мамандарды оқытудың алғашқы кезеңін өткізді: 10–12 оператор дайындықтан өтті. Техникаға екі жылдық кепілдік беріледі, ал техникалық қызмет көрсету қалалық қызметтермен бірлесе атқарылады.