"Қазсушар" филиалдарына 300-ден астам жаңа техника берілді

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Су тасқыны
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2025
Жазылу
Жұмыс бес кезеңмен жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жалпы саны 757 техникамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Жұмыс бес кезеңмен жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда алғашқы төрт кезең бойынша 636 техника жеткізуге келісімшарттар жасалды.
"Филиалдарды жаңа техникамен жабдықтау су нысандарын тазалау және гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту жұмыстарын жедел жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл тасқын суына қарсы шаралардың тиімділігін арттырады", – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Келісімшарттарға сәйкес, техникалар Қазақстанның 14 облысындағы "Қазсушардың" 17 филиалына жеткізіледі. Соңғы кезең бойынша конкурс рәсімдері өткізіліп жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Жылына мың техника шығаратын зауыт ашылады
Жаңалықтар
0