Жылына мың техника шығаратын зауыт ашылады

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Егіс алқаптарын жаңбырлатып суаратын техниканың жыл сайын мыңын шығаратын өндіріс ашылады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Былтыр ғана қолданысқа енген техника енді мыңдап шығарылады.
ADAM компаниялар тобы 2024 жылы "SU BEREKE" брендімен айналмалы типтегі алғашқы отандық спринклер өндірісін іске қосқан. Жоба суару мәселесін және қолжетімді техниканың жетіспеушілік проблемасын шешеді.
"Жаңбырлатқыштар суды егістіктерге біркелкі таратуға мүмкіндік береді, шығынды 30-40%-ке азайтады", - дейді ведомство.
Былтыр СТ-KZ сертификаты және ЕАЭО сәйкестік сертификаты алынды. 30 машина шығарылып, оның 7-і Шығыс Қазақстан облысының егістіктерінде жиналды.
Биыл ADAM компаниясы Шығыс Қазақстан облысының аумағында "SU BEREKE" маркалы жаңбырлату машиналарын шығаратын екінші зауытты іске қосады.
"Жаңа зауытта жылына 1000 шашыратқыш машина шығарылады. Осылайша бұл жоба шетелдік техника өндірушілеріне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді, кепілдік және сервистік қызмет көрсету қарастырылған", - дейді министрлік.
Өнімдер Орталық Азия мен ТМД нарықтарына да бағдарланады.
Жаңалықтар
0