Жамбыл облысында жылына 36 млн дана кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды

Жамбыл облысында жылына 36 млн дана кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды
Жамбыл облысында жылына 36 млн дана кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Жазылу
Құрылыс индустриясын дамытуға бағытталған жобаға 2,5 млрд теңге инвестиция тартылған
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Диқан ауылдық округінде заманауи кірпіш зауыты іске қосылды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Құрылыс индустриясын дамытуға бағытталған жобаға 2,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Зауыт жылына 36 млн дана күйдірілген кірпіш шығара алады.
Өндіріс ошағында 3 адам тұрақты жұмыс істейді, ал маусымдық кезеңде жұмысшылар саны 15 адамға дейін көбейеді.
Зауыттың құрал-жабдықтары Қытай Халық Республикасынан сатып алынған. Барлық жұмыс автоматты түрде атқарылады.
Еске сала кетейік, 2025-2028 жылдар аралығында облыста жалпы құны 3,5 трлн теңгені құрайтын 62 инвестициялық жоба іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.
Қызылордада сантехника шығаратын жаңа зауыт салуға 70 млн еуро тартылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Қызылордада сантехника шығаратын зауыт салуға 70 млн еуро тартылады
Жаңалықтар
0