Тоқаев: Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы

Талдықорғанда 5000 домбырашы бір мезетте қос күйді орындады
Талдықорғанда 5000 домбырашы бір мезетте қос күйді орындады - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Жазылу
Президент қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтты
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақстан халқын алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

"Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. "Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Президент Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризашылық білдірді. Тоқаев мемлекет руханият саласын барынша дамыта беретінін жеткізді.
"Дәстүрлі өнердің дүлдүлдері Қайрат Байбосынов "Қазақстанның Еңбек Ері", Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова "Қазақстанның халық әртісі" атағына ие болды. Қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын", – деп жазды президент.
Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.
Қонаевта 200-ге жуық домбырашы Тлендиевтің мерейтойына орай күй орындады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Қонаевта 200-ге жуық домбырашы Тлендиевтің мерейтойына орай күй орындады
Жаңалықтар
0