Қонаевта 200-ге жуық домбырашы Тлендиевтің мерейтойына орай күй орындады

© Алматы облысының әкімдігіҚонаевта 200-ге жуық домбырашы Тлендиевтің мерейтойына орай күй орындады
Қонаевта 200-ге жуық домбырашы Тлендиевтің мерейтойына орай күй орындады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Жазылу
Олар "Ата толғауы" күйін орындады
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаевта Наурыз мейрамы кең ауқымда тойланды, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Әкімдіктің хабарлауынша, орталық алаңда 25 киіз үй тігілді, олардың әрқайсысында қазақ халқының дәстүрлері көрсетілді. Мерекеге келген қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлер таныстырылып, наурыз-көже мен бауырсақ ұсынылды.
© Алматы облысының әкімдігіҚонаевта Наурыз мейрамы кең ауқымда тойланды
Қонаевта Наурыз мейрамы кең ауқымда тойланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Қонаевта Наурыз мейрамы кең ауқымда тойланды
Мерекеге Венгрия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Түркия және АҚШ-тың бас консулдары мен атташелері, сондай-ақ Моңғолия мен Үндістанның консулдары қатысты. БҰҰ агенттіктері мен миссияларының өкілдері, белгілі мәдениет қайраткерлері де шарада бой көрсетті.
Қонаев көшесінің бойында қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері мен сауда қатарлары ұйымдастырылды. Қалалық саябақта ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Ал орталық алаң мерекенің басты ордасына айналды – үлкен сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.
Көрермендерді ерекше таңғалдырған сәт – Қазақстанның халық әртісі, композитор және дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған Талғар ауданы бойынша білім бөліміне қарасты орта мектеп оқушыларының қатысуымен республикалық "Күй күмбірі" челленджінде 200 жуық оқушы "Ата толғауы" күйін орындады.
21 наурыз кешінде алаңда танымал әншілердің қатысуымен мерекелік концерт өтті.
Бір миллионға жуық бала бір мезетте қазақтың күйін күмбірлетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2025
Бір миллионға жуық бала бір мезетте күй тартты
Жаңалықтар
0