Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Дубайдан экстрадицияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, зал суда
Наручники, зал суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Жазылу
Қылмысты жасағаннан кейін күдікті шетелге қашып кеткен
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген қазақстандық Дубайдан экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Күдіктіні ұстауға Қазақстанның интерпол қызметкерлеріне Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілік көмектескен.
"Ол 2022–2023 жылдар аралығында Алматы қаласында "Wildberries" компаниясына инвестиция салу сылтауымен және сыйақы уәде етіп, алты азаматты алдап, олардың ақшалай қаражатын иемденген. Салдарынан жәбірленушілерге ірі мөлшерде материалдық залал келтірілген", - дейді ведомство.
Қылмысты жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, екі жыл бойы халықаралық іздеуде болған.
Биыл сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Қазақстанда аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам Ресейде ұсталды
Жаңалықтар
0