Астанада автобус жол апатына түсті – үш жолаушы зардап шекті

Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Жазылу
Автобустың үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Астанада жолаушылар автобусы жол апатына түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. 3 маусым күні автобус жүргізушісі Қосшығұлұлы көшесінде маневр жасап жатқан "Ford" көлігіне жол бермеген. Соның салдарына екеуі соқтығысып қалған.
"Автобустың үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді полицейлер.
Айта кетері, 8 маусымда Астанада жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бағанаға соғылған болатын. Салдарынан 15 адам зардап шекті. 8 жасар қыз екі аяғынан айырылды. Оған мемлекет есебінен протез сатып алынады.Жүргізуші қамауға алынды.
протез - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2025
Автобус апаты: екі аяғынан айырылған қызға мемлекет есебінен протез салынады
Жаңалықтар
0