Алматыда 33 млрд теңге залал келтірген қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Алматыда қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Алматы қаласының прокуратурасы кеден саласына тексеру жүргізген.
"Сотталушылар жалған құжаттар мен кедендік сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, тауарларды кедендік шекара арқылы өткізген. Сондай-ақ нақты орындалмаған жұмыстардың, көрсетілмеген қызметтердің және тиелмеген тауарлардың шот-фактураларын жазып берген", - дейді ведомство.
Бұл іс бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған. "Кеден саласындағы уәкілетті экономикалық операторлар" компанияларының басшылары күдікті ретінде танылған.
Салдарынан мемлекетке 33 миллиард теңгеден астам залал келді.
"Сот үкіміне сәйкес айыпталушылар Қылмыстық кодекстің 216, 234-баптары бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленді. Сотталушылар екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - дейді Алматы қалалық прокуратурасы.
В Алматы задержали группу вымогателей - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Алматыда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0