Алматыда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

© Photo : Пресс-служба МВД РКВ Алматы задержали группу вымогателей
В Алматы задержали группу вымогателей - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Жазылу
Олар шетел азаматының бес миллион теңге қаражатын тартып алған
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Алматы қаласы полиция департаменті бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Олардың бір эпизодында күдіктілер шетел азаматына күш қолданып, қорқыту арқылы оны жалдамалы пәтерде заңсыз ұстағаны және қысым көрсету арқылы бес миллион теңге көлеміндегі қаражатын тартып алғаны анықталды.
"Сондай-ақ заңсыз қару сақтау және құқыққа қайшы жанжалдарға қатысу фактілері тіркелді. 25 тінту жүргізіліп, нәтижесінде жеті тапанша, оқ-дәрілер, суық қарулар мен есірткі заттары тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Анықталған барлық факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Парень и девушка - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2025
Оралда кездесуге барған жігітті қыздың үш "ағасы" күтіп алды
Жаңалықтар
0