https://sputnik.kz/20250423/oralda-kezdesuge-bargan-zhigitti-qyzdyn-agalary-kutip-aldy-52777253.html
Оралда кездесуге барған жігітті қыздың үш "ағасы" күтіп алды
Оралда кездесуге барған жігітті қыздың үш "ағасы" күтіп алды
Sputnik Қазақстан
Пәтерге үш белгісіз жігіт баса-көктеп кіріп, жәбірленушіні қорқытып ақша талап еткен 23.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-23T16:32+0500
2025-04-23T16:32+0500
2025-04-23T16:34+0500
орал
бопсалау
https://sputnik.kz/img/422/45/4224574_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_37aa2d3869865189c4b556b912cf67ce.jpg
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Оралда бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы жергілікті тұрғыннан ақша бопсалады деген күдікпен жастарды ұстады.Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жәбірленуші әлеуметтік желіде танысуға арналған арна арқылы бір қызбен сөйлескен. Хат алмасу кезінде қыз оны өз үйіне кездесуге шақырған. Алайда көрсетілген мекенжайға келген кезде пәтерге үш белгісіз жігіт баса-көктеп кіріп, жәбірленушіні сыртқа шығарып, өздерін қыздың ағасы ретінде таныстырып, қорқытып ақша талап еткен.Қорыққан жәбірленуші телефонын күдіктілердің біріне берген, ол банк қосымшасы арқылы өзінің банк шотына ақша аударып алған.Жедел-іздестіру шаралары барысында барлық қатысушы анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бес күдіктінің төртеуі — Орал қаласындағы колледж студенті, олардың бірі — сол кездесуге шақырған қыз.Полиция тергеу жұмыстарын жалғастыруда.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/422/45/4224574_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_093df735d89ced7aeb59f46f8828cc25.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, бопсалау
Оралда кездесуге барған жігітті қыздың үш "ағасы" күтіп алды
16:32 23.04.2025 (жаңартылды: 16:34 23.04.2025) Пәтерге үш белгісіз жігіт баса-көктеп кіріп, жәбірленушіні қорқытып ақша талап еткен
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Оралда бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы жергілікті тұрғыннан ақша бопсалады деген күдікпен жастарды ұстады.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жәбірленуші әлеуметтік желіде танысуға арналған арна арқылы бір қызбен сөйлескен. Хат алмасу кезінде қыз оны өз үйіне кездесуге шақырған. Алайда көрсетілген мекенжайға келген кезде пәтерге үш белгісіз жігіт баса-көктеп кіріп, жәбірленушіні сыртқа шығарып, өздерін қыздың ағасы ретінде таныстырып, қорқытып ақша талап еткен.
Қорыққан жәбірленуші телефонын күдіктілердің біріне берген, ол банк қосымшасы арқылы өзінің банк шотына ақша аударып алған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында барлық қатысушы анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бес күдіктінің төртеуі — Орал қаласындағы колледж студенті, олардың бірі — сол кездесуге шақырған қыз.
Полиция тергеу жұмыстарын жалғастыруда.