Захарова: Ресей мен Әзербайжан арасындағы одақтастықты ұнатпайтын күштер бар

© Sputnik / РИА "Новости"Представитель МИД России Мария Захарова
Представитель МИД России  Мария Захарова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2025
Жазылу
Оның пікірінше екі ел арасындағы қарым-қатынас белгілі бір күштерді ызаландырады
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Ресей мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық одақтастықты ұнатпайтын күштер бар, олар Мәскеу мен Баку арасындағы ынтымақтастықты дамытуға кедергі келтіргісі келеді, деп мәлімдеді РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова.
"Біз бір нәрсені есте ұстауымыз керек, ол (Ресей мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынас – ред.) стратегиялық одақтастық сипатқа ие және, әрине, мұны ұнатпайтын күштер бар", - деді ол "Соловьёв Live" эфирінде.
Захарова "стратегиялық одақтастық" сөзінің өзінде Мәскеу мен Баку арасындағы өзара іс-қимылдың терең тарихы бар екенін айтты.
"Бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас, бұл біз бастан кешкен тарихи сын-қатерлер, әрине, бұл белгілі бір күштердің ашу-ызасын туғызады және олар кедергі келтіргісі келеді", - деп түйіндеді дипломат.
Город Баку - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2025
Бакуде Ресейдің сегіз азаматы қамауға алынды
Жаңалықтар
0