https://sputnik.kz/20250702/bakude-reseydin-segiz-azamaty-qamauga-alyndy-55294910.html
Бакуде Ресейдің сегіз азаматы қамауға алынды
Бакуде Ресейдің сегіз азаматы қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Оларға төрт айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды 02.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-02T09:35+0500
2025-07-02T09:35+0500
2025-07-02T09:35+0500
әзербайжан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e9/07/02/55291771_0:312:3000:2000_1920x0_80_0_0_3c9119f7b728fceb532ea91d20d2944f.jpg
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Сейсенбі күні Бакуде ұсталған Ресейдің сегіз азаматы төрт айға қамауға алынды. Әзербайжан тарапының айтуынша, олар Ираннан есірткі транзитімен, сондай-ақ киберқылмыспен айналысты деген күдікке ілінген, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті AПA агенттігіне сілтеме жасап.Бұған дейін Әзербайжан ақпарат құралдары сегіз ресейлік азаматтың жетеуі қамауға алынғанын хабарлаған болатын.Дүйсенбі күні Әзербайжан Ішкі істер министрлігі екі ресейлік журналисті ұстағанын хабарлаған болатын. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оларға "ФСБ агенті" деген айып тағылған. Игорь Картавих пен Евгений Белоусов төрт айға қамауға алынды.Дүйсенбі күні РИА Новости сондай-ақ Әзербайжанға жеке сапармен келген тағы бір журналистің ұсталғанын хабарлады. Сейсенбі күні "Россия сегодня" медиа тобы Әзербайжан билігін журналистерді босатып, жағдайды дереу реттеуге шақырды.
әзербайжан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/02/55291771_0:0:2667:2000_1920x0_80_0_0_5910550061b2a6aef705a3aefc8ff653.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әзербайжан, ресей
Бакуде Ресейдің сегіз азаматы қамауға алынды
Оларға төрт айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Сейсенбі күні Бакуде ұсталған Ресейдің сегіз азаматы төрт айға қамауға алынды. Әзербайжан тарапының айтуынша, олар Ираннан есірткі транзитімен, сондай-ақ киберқылмыспен айналысты деген күдікке ілінген, деп хабарлайды
РИА Новости жергілікті
AПA агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Әзербайжан ақпарат құралдары сегіз ресейлік азаматтың жетеуі қамауға алынғанын хабарлаған болатын.
"Сабаил соты Ираннан есірткі тасымалдады, оларды интернетте саудалады және киберқылмыс жасады деп айыпталған барлық сегіз ресейлік азаматты қамауға алды. Оларға төрт айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталғандар сот алдына жеке-жеке келді, отырыс аяқталды", - делінген хабарламада.
Дүйсенбі күні Әзербайжан Ішкі істер министрлігі екі ресейлік журналисті ұстағанын хабарлаған болатын. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оларға "ФСБ агенті" деген айып тағылған. Игорь Картавих пен Евгений Белоусов төрт айға қамауға алынды.
Дүйсенбі күні РИА Новости сондай-ақ Әзербайжанға жеке сапармен келген тағы бір журналистің ұсталғанын хабарлады. Сейсенбі күні "Россия сегодня" медиа тобы Әзербайжан билігін журналистерді босатып, жағдайды дереу реттеуге шақырды.