https://sputnik.kz/20250703/sputnik-azerbayzhan-agenttiginin-bakude-qyzmetin-zhalgastyruga-eshqanday-zhagday-zhoq---kiselev-55341607.html
Sputnik Әзербайжан агенттігінің Бакуде қызметін жалғастыруына еш жағдай жоқ - Киселев
Sputnik Әзербайжан агенттігінің Бакуде қызметін жалғастыруына еш жағдай жоқ - Киселев
Sputnik Қазақстан
Бакуде қауіпсіздік күштері екі ресейлік журналисті - Sputnik Әзербайжан редакциясының жетекшісі Игорь Картавый пен шеф-редактор Евгений Белоусовты ұсталғанын... 03.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-03T17:57+0500
2025-07-03T17:57+0500
2025-07-03T18:01+0500
ресей
әзербайжан
https://sputnik.kz/img/07e9/05/15/53737452_0:104:3053:1821_1920x0_80_0_0_a79d39dbd76ea39f1ff2c0b3001f55d0.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев Sputnik Әзербайжан ақпарат агенттігінің ол елде қызметін жалғастыруына ешқандай жағдай жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости."Бүгінгі таңда Sputnik Әзербайжанның ол елде қызметін жалғастыруына ешқандай жағдай жоқ екенін өкінішпен айтамыз. Біздің қызметкерлерге негізсіз айып тағылды, олар ойдан құрастырылған сылтаумен қамауға алынды. Біз өз тарапымыздан журналистеріміздің құқықтары қорғалуын қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық мүмкіндікді пайдаланамыз", - деді Киселев.Дүйсенбі күні Әзербайжанның ішкі істер министрлігі Бакудегі Sputnik Әзербайжан кеңсесінде "операция" жүрізілгені туралы хабарлады. Мәскеудегі Sputnik агенттігі редакциямен байланыс жоқтығын хабарлады. Ғимарат маңында Әзербайжан ішкі істер министрлігінің патрульдік кезекші көліктері, терезелері қараңғыланған қара түсті шағын автобустар тұрған.Кейін Sputnik агенттігі Бакуде қауіпсіздік күштері екі ресейлік журналисті - Sputnik Әзербайжан редакциясының жетекшісі Игорь Картавый пен шеф-редактор Евгений Белоусовты ұсталғанын хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, қызметкерлерге "ФҚҚ агенттері" деген қисынсыз айып тағылған.Ақпан айында Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Sputnik агенттігінің республикадағы жұмысын тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеді. Sputnik редакциясы Әзербайжанда жұмысқа ресми тыйым салынбағанын хабарлады. Осы уақыт ішінде екі елдің сыртқы істер министрліктерінің жұмыс топтары арасында келіспеушіліктерді шешу бойынша диалог жүргізілді.
https://sputnik.kz/20250701/rossiya-segodnya-sputnik-azerbayzhan-qyzmetkerlerin-bosatudy-talap-etti-55286804.html
ресей
әзербайжан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/15/53737452_156:0:2887:2048_1920x0_80_0_0_60f03fed4aa5f9beffed8125f1a57b26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, әзербайжан
Sputnik Әзербайжан агенттігінің Бакуде қызметін жалғастыруына еш жағдай жоқ - Киселев
17:57 03.07.2025 (жаңартылды: 18:01 03.07.2025) Бакуде қауіпсіздік күштері екі ресейлік журналисті - Sputnik Әзербайжан редакциясының жетекшісі Игорь Картавый пен шеф-редактор Евгений Белоусовты ұсталғанын хабарлады
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев Sputnik Әзербайжан ақпарат агенттігінің ол елде қызметін жалғастыруына ешқандай жағдай жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлады
РИА Новости.
"Бүгінгі таңда Sputnik Әзербайжанның ол елде қызметін жалғастыруына ешқандай жағдай жоқ екенін өкінішпен айтамыз. Біздің қызметкерлерге негізсіз айып тағылды, олар ойдан құрастырылған сылтаумен қамауға алынды. Біз өз тарапымыздан журналистеріміздің құқықтары қорғалуын қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық мүмкіндікді пайдаланамыз", - деді Киселев.
Дүйсенбі күні Әзербайжанның ішкі істер министрлігі Бакудегі Sputnik Әзербайжан кеңсесінде "операция" жүрізілгені туралы хабарлады. Мәскеудегі Sputnik агенттігі редакциямен байланыс жоқтығын хабарлады. Ғимарат маңында Әзербайжан ішкі істер министрлігінің патрульдік кезекші көліктері, терезелері қараңғыланған қара түсті шағын автобустар тұрған.
Кейін Sputnik агенттігі Бакуде қауіпсіздік күштері екі ресейлік журналисті - Sputnik Әзербайжан редакциясының жетекшісі Игорь Картавый пен шеф-редактор Евгений Белоусовты ұсталғанын хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, қызметкерлерге "ФҚҚ агенттері" деген қисынсыз айып тағылған.
Ақпан айында Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Sputnik агенттігінің республикадағы жұмысын тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеді. Sputnik редакциясы Әзербайжанда жұмысқа ресми тыйым салынбағанын хабарлады. Осы уақыт ішінде екі елдің сыртқы істер министрліктерінің жұмыс топтары арасында келіспеушіліктерді шешу бойынша диалог жүргізілді.