"Россия сегодня" Sputnik Әзербайжан қызметкерлерін босатуды талап етті

© Sputnik Sputnik Әзербайжан
Sputnik Әзербайжан - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
Жазылу
Дүйсенбі күні Әзербайжанның ішкі істер министрлігі Бакудегі Sputnik Әзербайжан кеңсесінде "операция" жүрізілгені туралы хабарлады
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. Sputnik Әзербайжан қызметкерлері өздерінің кәсіби міндеттерін атқарды, деп хабарлады РИА Новостиге "Россия сегодня" медиа тобының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта ұсталғандармен байланыс жоқ екені айтылды.

"Россия сегодня" Әзербайжанның құқық қорғау органдарынан заңдылықты мүлтіксіз сақталуын және кәсіби міндеттеріін атқарып жүрген адамдарды дереу босатуды талап етеді", - деп хабарлады медиа топтың баспасөз қызметі.

Дүйсенбі күні Әзербайжанның ішкі істер министрлігі Бакудегі Sputnik Әзербайжан кеңсесінде "операция" жүрізілгені туралы хабарлады. Мәскеудегі Sputnik агенттігі редакциямен байланыс жоқтығын хабарлады. Ғимарат маңында Әзербайжан ішкі істер министрлігінің патрульдік кезекші көліктері, терезелері қараңғыланған қара түсті шағын автобустар тұрған.
Кейін Sputnik агенттігі Бакуде қауіпсіздік күштері екі ресейлік журналисті - Sputnik Әзербайжан редакциясының жетекшісі Игорь Картавый пен шеф-редактор Евгений Белоусовты ұсталғанын хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, қызметкерлерге "ФҚҚ агенттері" деген қисынсыз айып тағылған.
Ақпан айында Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Sputnik агенттігінің республикадағы жұмысын тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеді. Sputnik редакциясы Әзербайжанда жұмысқа ресми тыйым салынбағанын хабарлады. Осы уақыт ішінде екі елдің сыртқы істер министрліктерінің жұмыс топтары арасында келіспеушіліктерді шешу бойынша диалог жүргізілді.
Россия сегодня ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
"Россия сегодня" Sputnik Әзербайжан басшыларының ұсталуына алаңдаушылық білдірді
Жаңалықтар
0