https://sputnik.kz/20250701/rossiya-segodnya-sputnik-azerbayzhan-basshylarynyn-ustaluyna-alandaushylyq-bildirdi-55284905.html
"Россия сегодня" Sputnik Әзербайжан басшыларының ұсталуына алаңдаушылық білдірді
"Россия сегодня" Sputnik Әзербайжан басшыларының ұсталуына алаңдаушылық білдірді
Sputnik Қазақстан
Басшылықпен қатар Әзербайжан азаматтары болып табылатын бірнеше редакция қызметкері де ұсталды 01.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-01T16:29+0500
2025-07-01T16:29+0500
2025-07-01T16:31+0500
ресей
әзербайжан
https://sputnik.kz/img/07/06/070649_0:92:3316:1957_1920x0_80_0_0_42bbdf98ed0d26783f2f3b160f797c09.jpg
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобы екі ресейлік азаматтың - Sputnik Әзербайжан басшыларының Бакуде ұсталуына қатты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлады РИА Новостиге медиа топтың баспасөз қызметі.Дүйсенбі күні Әзербайжанның ішкі істер министрлігі Бакудегі Sputnik Әзербайжан кеңсесінде "операция" жүрізілгені туралы хабарлады. Мәскеудегі Sputnik агенттігі редакциямен байланыс жоқтығын хабарлады. Ғимарат маңында Әзербайжан ішкі істер министрлігінің патрульдік кезекші көліктері, терезелері қараңғыланған қара түсті шағын автобустар тұрған.Кейін Sputnik агенттігі Бакуде қауіпсіздік күштері екі ресейлік журналисті - Sputnik Әзербайжан редакциясының жетекшісі Игорь Картавый пен шеф-редактор Евгений Белоусовты ұсталғанын хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, қызметкерлерге "ФҚҚ агенттері" деген қисынсыз айып тағылған.Ақпан айында Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Sputnik агенттігінің республикадағы жұмысын тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеді. Sputnik редакциясы Әзербайжанда жұмысқа ресми тыйым салынбағанын хабарлады. Осы уақыт ішінде екі елдің сыртқы істер министрліктерінің жұмыс топтары арасында келіспеушіліктерді шешу бойынша диалог жүргізілді.
https://sputnik.kz/20250630/bakude-sputnik-azerbayzhan-redaktsiyasynyn-basshysy-men-shef-redaktory-ustaldy-55233845.html
ресей
әзербайжан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07/06/070649_293:0:3024:2048_1920x0_80_0_0_0a1ff6bb97498b969ae53a31742edf14.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, әзербайжан
"Россия сегодня" Sputnik Әзербайжан басшыларының ұсталуына алаңдаушылық білдірді
16:29 01.07.2025 (жаңартылды: 16:31 01.07.2025) Басшылықпен қатар Әзербайжан азаматтары болып табылатын бірнеше редакция қызметкері де ұсталды
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобы екі ресейлік азаматтың - Sputnik Әзербайжан басшыларының Бакуде ұсталуына қатты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлады
РИА Новостиге медиа топтың баспасөз қызметі.
"Россия сегодня" Бакуде екі ресейлік азаматтың - Sputnik Әзербайжанның басшыларының ұсталуына қатты алаңдаулы. Олармен бірге бірнеше редакция қызметкері - Әзербайжан азаматтары да ұсталды", - делінген хабарламада.
Дүйсенбі күні Әзербайжанның ішкі істер министрлігі Бакудегі Sputnik Әзербайжан кеңсесінде "операция" жүрізілгені туралы хабарлады. Мәскеудегі Sputnik агенттігі редакциямен байланыс жоқтығын хабарлады. Ғимарат маңында Әзербайжан ішкі істер министрлігінің патрульдік кезекші көліктері, терезелері қараңғыланған қара түсті шағын автобустар тұрған.
Кейін Sputnik агенттігі Бакуде қауіпсіздік күштері екі ресейлік журналисті - Sputnik Әзербайжан редакциясының жетекшісі Игорь Картавый пен шеф-редактор Евгений Белоусовты ұсталғанын хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, қызметкерлерге "ФҚҚ агенттері" деген қисынсыз айып тағылған.
Ақпан айында Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Sputnik агенттігінің республикадағы жұмысын тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеді. Sputnik редакциясы Әзербайжанда жұмысқа ресми тыйым салынбағанын хабарлады. Осы уақыт ішінде екі елдің сыртқы істер министрліктерінің жұмыс топтары арасында келіспеушіліктерді шешу бойынша диалог жүргізілді.