Жамбыл облысында 50 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген су қоймасын зерттеу басталды

Шу өзені - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2025
Жазылу
Нысан 1975 жылы пайдалануға берілгелі бері алғаш рет зерттеліп отыр
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында 50 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген су қоймасында зерттеу жұмысытары басталды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
"Қазсушар" РМК филиалы облыстағы "Бүркітті" су қоймасын реконструкциялау мақсатында көпфакторлы зерттеу жұмыстарын бастады.
"Су қоймасына жөндеу жұмыстары 50 жылдан бері жүргізілмеген. Осылайша нысан 1975 жылы пайдалануға берілгелі бері алғаш рет зерттеліп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Зерттеу аясында түбіндегі тұнбалар көлемі мен су бөгетінде болатын су шығындарының мөлшері анықталады, сондай-ақ су астындағы темірбетон құрылымдардың жай-күйі зерделенеді.
Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау бойынша 19 нысанының құрылысы қаржыландырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
Қайтарылған активтер: Жамбыл облысындағы ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді
Жаңалықтар
0