Үкімет Үштөбе қаласындағы жылу желілерін реконструкциялауды аяқтау үшін қаражат бөлді

© Photo : акимат Акмолинской областиҚұбыр желілері
Құбыр желілері - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2025
Жазылу
Жобаның құны 870 млн теңге, оның 70%-ы республикалық бюджеттен және 30%-ы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Үкімет резервінен Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 210 млн теңге бөлінді, деп хабарлады үкімет.
Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
30 мың халқы бар Үштөбе қаласын орталықтандырылған жылумен қамтуға арналған жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 15,3 шақырым. Жобаның құны 870 млн теңге, оның 70%-ы республикалық бюджеттен және 30%-ы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
Бүгінгі таңда жұмыстардың 76%-ы аяқталды. 1,7 шақырым жылу желілерінің 1,3 шақырымы тартылды. Осы жылдың тамыз айына қарай реконструкциялауды толық аяқтау жоспарланып отыр.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Үштөбе қаласының тұрғындары 349 абонент, оның ішінде 282 тұрғын үй мен 67 заңды тұлға үздіксіз жылумен жабдықтауға қол жеткізе алады.
OZON  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2025
Маркетплейстерден келетін тауарлар қымбаттайды - үкімет баға қаншаға өсетінін айтты
Жаңалықтар
0