https://sputnik.kz/20250625/marketpleysterden-keletin-tauarlar-qymbattaydy---ukimet-baga-qanshaga-osetinin-aytty-55087188.html
Маркетплейстерден келетін тауарлар қымбаттайды - үкімет баға қаншаға өсетінін айтты
Маркетплейстерден келетін тауарлар қымбаттайды - үкімет баға қаншаға өсетінін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарлар қымбаттайды. Бұл премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі... 25.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-25T11:51+0500
2025-06-25T11:51+0500
2025-06-25T15:00+0500
тауар
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0f/32139284_0:94:3307:1954_1920x0_80_0_0_578d77bfa82640f5a4a0145deb27c61a.jpg
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарлар қымбаттайды. Бұл премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне өзгерістер енгізілді. Оған қоса, Салық кодексі аясында қосылған құн салығы көтеріледі.Осылайша, 200 еуро мен 31 келіден аспайтын тауарлар қымбаттамайды. Ал осы норма сақталмаса, қосымша төлемдермен баға көтеріледі."17 процент болады деп отырмыз ғой. Қазір 15 процент, айырмашылығы - 2 процент. Сол 2 процентке тауарлар қымбаттауы мүмкін", - деді вице-премьер.Айта кетері, шетелден сатып алынған тауарлар үшін декларация тапсыру қызметі де ақылы болады. Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға арналған заңды қабылдады.
https://sputnik.kz/20250625/salyq-kodeksi-prezidenttin-qarauyna-zhiberildi-55086297.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0f/32139284_288:0:3019:2048_1920x0_80_0_0_34764c45c3917abb2f6f6b59f5497d7e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тауар, үкімет
Маркетплейстерден келетін тауарлар қымбаттайды - үкімет баға қаншаға өсетінін айтты
11:51 25.06.2025 (жаңартылды: 15:00 25.06.2025) АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарлар қымбаттайды. Бұл премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне өзгерістер енгізілді. Оған қоса, Салық кодексі аясында қосылған құн салығы көтеріледі.
"Тауардың бағысы 200 еуродан, ал салмағы 31 келіден аспаса, қосылған құн салығы төленеді. Қазір уақытта 12 процент, ертең 16 процент болады, ешқандай кедендік баждар төленбейді. Ал 200 еуродан асса, қосымша құн салығы төленеді. Оған қоса, 5 процент тағы кедендік баж төленеді. Толығымен 17 процент болады, қазір 15 процент. Негізгі айырмашылық осы", - деді Жұманғарин мәжілістің жалпы отырысында.
Осылайша, 200 еуро мен 31 келіден аспайтын тауарлар қымбаттамайды. Ал осы норма сақталмаса, қосымша төлемдермен баға көтеріледі.
"17 процент болады деп отырмыз ғой. Қазір 15 процент, айырмашылығы - 2 процент. Сол 2 процентке тауарлар қымбаттауы мүмкін", - деді вице-премьер.
Айта кетері, шетелден сатып алынған тауарлар үшін декларация тапсыру қызметі де
ақылы болады. Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға арналған заңды қабылдады.