https://sputnik.kz/20250702/qazaqstanda-en-kop-tabys-qay-aqyly-zholdan-tusedi-55313094.html
Қазақстанда ең көп табыс қай ақылы жолдан түседі
Қазақстанда ең көп табыс қай ақылы жолдан түседі
Sputnik Қазақстан
Елдегі республикалық автожолдардың желісі 25 мың шақырымды құраса, соның ішінде 4760 шақырым - ақылы жолдар 02.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-02T18:35+0500
2025-07-02T18:35+0500
2025-07-02T18:42+0500
ақылы жол
жүргізуші
https://sputnik.kz/img/879/01/8790131_0:317:6016:3701_1920x0_80_0_0_1fb214eb4d4512e10c8dd0643af68504.jpg
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" компаниясы көлік жүргізушілері жиі жүретін ақылы жолдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жыл басынан бері көлік жүргізушілері ақылы жолдармен 32 млн рет жүрген.Жиі қолданылатын ақылы жолдардың тізімі:Ал "Көкшетау – Петропавл", "Қызылорда – Арал", "Павлодар – Семей – Қалбатау", "Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор)", "Қостанай - Денисовка", "Тараз айналма жолы (Қайнар - Шымкент)", "Орал – РФ шекарасы (Самара)", "Павлодар – РФ шекарасы (Омбы)", "Қостанай – РФ шекарасы (Троицк)", "Балқаш - Бурылбайтал", "Орал – РФ шекарасы (Саратов)", "Шу - Бурылбайтал" мен "Қандыағаш - Мақат" ақылы жолдарымен жүрген көліктердің саны миллионға жетпейді, 103-830 мыңның арасы.Ең аз көлік "Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы)" ақылы жолымен (45 мың рет) жүрген.Айта кетері, республикалық автожолдардың желісі 25 мың шақырымды құрайды. Соның ішінде 4760 шақырым - ақылы жолдар. Бүгінде республика бойынша 25 ақылы жол (12 учаске - І техникалық санатта, 13 - ІІ және ІІІ техникалық санатта) бар.
https://sputnik.kz/20250218/elimizde-tagy-eki-zhol-aqyly-bolady-50960609.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/879/01/8790131_331:0:5686:4016_1920x0_80_0_0_4d1857b2b37e17fcc09ce1253a03ad41.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақылы жол, жүргізуші
Қазақстанда ең көп табыс қай ақылы жолдан түседі
18:35 02.07.2025 (жаңартылды: 18:42 02.07.2025) Елдегі республикалық автожолдардың желісі 25 мың шақырымды құраса, соның ішінде 4760 шақырым - ақылы жолдар
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" компаниясы көлік жүргізушілері жиі жүретін ақылы жолдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жыл басынан бері көлік жүргізушілері ақылы жолдармен 32 млн рет жүрген.
Жиі қолданылатын ақылы жолдардың тізімі:
1.
Алматы – Қонаев (5,1 млн рет);
2.
Шымкент – Өзбекстан шекарасы (4,4 млн рет);
3.
Шымкент – Тараз (2,9 млн рет);
4.
Тараз – Қайнар (2,4 млн рет);
5.
Шымкент – Қызылорда (2,25 млн рет);
6.
Астана – Теміртау (2 млн рет);
7.
Қонаев – Талдықорған (1,7 млн рет);
8.
Астана – Щучинск (1,66 млн рет);
9.
Щучинск – Көкшетау (1,5 млн рет);
10.
Астана – Павлодар (1,132 рет);
11.
Алматы – Қорғас (1,13 млн рет).
Ал "Көкшетау – Петропавл", "Қызылорда – Арал", "Павлодар – Семей – Қалбатау", "Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор)", "Қостанай - Денисовка", "Тараз айналма жолы (Қайнар - Шымкент)", "Орал – РФ шекарасы (Самара)", "Павлодар – РФ шекарасы (Омбы)", "Қостанай – РФ шекарасы (Троицк)", "Балқаш - Бурылбайтал", "Орал – РФ шекарасы (Саратов)", "Шу - Бурылбайтал" мен "Қандыағаш - Мақат" ақылы жолдарымен жүрген көліктердің саны миллионға жетпейді, 103-830 мыңның арасы.
Ең аз көлік "Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы)" ақылы жолымен (45 мың рет) жүрген.
Айта кетері, республикалық автожолдардың желісі 25 мың шақырымды құрайды. Соның ішінде 4760 шақырым - ақылы жолдар. Бүгінде республика бойынша 25 ақылы жол (12 учаске - І техникалық санатта, 13 - ІІ және ІІІ техникалық санатта) бар.